29 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №633

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 10 тамыз,  Астана, Үкімет Үйі «Қорғау, өтем немесе демпингке қарсы шараларды енгізу алдындағы анықтауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қыркүйектегі №1374 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қорғау, өтем немесе демпингке қарсы шараларды енгізу алдындағы анықтауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қыркүйектегі №1374 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 38-39, 453-құжат) күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.