29 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №672

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 28 тамыз, Астана, Үкімет Үйі 2015 жылы әскери жиындарға шақырылуға тиіс әскери оқытылған мамандар санын айқындау туралы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2015 жылы әскери жиындарға шақырылуға тиіс әскери оқытылған мамандардың саны айқындалсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы №672 қаулысына қосымша 2015 жылы әскери жиындарға шақырылуға тиіс әскери оқытылған мамандар саны Р/с № Атауы Әскери оқытылған мамандар саны Күн саны Өткізу кезеңі 1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 1500 15 тамыз – қараша Жиыны: 1500 15 тамыз – қараша