2015 жылғы 23 қаңтар, Астана қаласы
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 6-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 13-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 тіркелген, 2008 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге органдары актілерінің № 5 жинағында жарияланған) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) қаулы етеді:
1. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Есеп комитетінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 6-НҚ нормативтік қаулысына («Әділет» АҚЖ-да 2014 жылғы 26 желтоқсанда жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктік талаптарында:
«Кадр және әкімшілік жұмыстар бөлімі» деген бөлімнің «Персоналды басқару секторы» деген кіші бөлімде:
«Бас консультант – 2 бірлік, В-3 санаты (8/1-4, 8/1-5)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бас консультант - 1 бірлік, В-3 санаты (8/1-4)»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Сарапшы – 1 бірлік, В-5 санаты (8/1-5)
Критерийлер Қойылатын талаптар
Білімі Жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; білім беру (қазақ тілі және әдебиеті және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе шетел тілі); құқық (халықаралық құқық, құқықтану).
Кәсіби
құзыреттілігі 1. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге қатысты тестілеу бағдарламасына сай нормативтік құқықтық актілер.
2. Есеп комитеті туралы ережені, Есеп комитетінің Регламентін білуі.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі.
4. Мемлекеттік тілді білуі.
Практикалық тәжірибесі 1. Үлгі біліктілік талаптарына сай болуы.
2. Компьютерде Microsoft Word, Excel, Internet, IBM Lotus Notes және т.б. бағдарламалармен жұмыс істей алуы.
Функционалдық міндеттері Кадр мәселелері жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету; аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу рәсімдерін сақтау; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, соның ішінде ақпараттық жүйедегі дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асыру; персоналды басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеу; Есеп комитетінде еңбек тәртібінің сақталуын бақылау.
».
2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулыны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
2) осы нормативтік қаулыны Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күні қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ.ЖАҢБЫРШИН.