12 Наурыз, 2015

Қазақстан Республикасының Заңы

206 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
«2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы 1-бап. «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы­на (Қазақстан Республикасы Пар­ламентінің Жаршысы, 2014 ж., №22, 133-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1, 8, 10 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 5 874 940 963 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша – 3 064 822 209 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 145 596 084 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін тү­сімдер бойынша – 9 508 247 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша – 2 655 014 423 мың теңге; 2) шығындар – 6 864 195 556 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 78 361 053 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 190 476 745 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 112 115 692 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 188 864 239 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 189 814 239 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сату­дан түсетін түсімдер – 950 000 теңге; 5) тапшылық – -1 256 479 885 мың теңге немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 3 пайызы; 6) бюджет тапшылығын қаржы­ландыру – 1 256 479 885 мың теңге.»; «8-бап. 2015 жылға арналған рес­публикалық бюджетте Ақмола, Ал­маты, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оң­түстік Қазақстан облыстарының об­лыстық бюджеттерінен жан басы­на шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша сынамалауды өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында 10-11 сыныптар үшін білім беру процесін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды беруге байланыс­ты 528 380 мың теңге сомасында трансферттер түсiмдері көзделсін.»; «10-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында айқындалған мақсаттарға нысаналы трансферт 783 499 999 мың теңге сомасында көзделсін. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансфертті бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»; «12-бап. 2015 жылғы 1 қаңтардан бас­тап мемлекеттік мекемелердің мемле­кеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің лауазымдық айлық­ақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төлеу белгіленсін.»; 2) 15-бапта: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақ­шамен толықтырылсын: «2-1) жергілікті атқарушы орган­дардың агроөнеркәсіптік кешен бөлім­шелерін ұстауға;»; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сон­дай-ақ жергілікті бюджеттерден қар­­жыландырылатын мемлекеттік қазы­налық кәсіпорындар жұ­мыс­керлерінің лауазымдық ай­лық­ақы­ларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге;»; 13), 15) және 21) тармақшалар алып тасталсын; 26) тармақшадағы «тұрғын үйін сатып алуға 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу және (немесе) оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.» деген сөздер «тұрғын үйін сатып алуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 27), 28), 29), 30) және 31) тармақшалармен толықтырылсын: «27) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органның штат санын ұстауға; 28) жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы iстерi жөнiндегi штат санын ұстауға; 29) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларының қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын штат санын ұстауға; 30) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге; 31) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға 2015 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу және (немесе) оларды пайдаланудың тәртібі Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.»; 3) 16, 17, 22, 25, 26 және 28-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «16-бап. Мынадай: 1) агроөнеркәсіптік кешен субъек­тілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау; 2) кәсіптік стандарттарды әзірлеу бағыттары бойынша іске асырылатын қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. 17-бап. Мынадай: 1) облыстық бюджеттерге, Ас­тана және Алматы қалаларының бюд­жеттеріне тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға кредит беру; 2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру; 3) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау; 4) коммуналдық тұрғын үй қоры­ның тұрғын үйін сатып алу бағыт­тары бойынша іске асырылатын Өңір­­­лерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде қа­ра­жатты бөлу және (немесе) оны пай­даланудың тәр­тібі Қазақстан Рес­пуб­ликасы Үкіме­тінің шешімі негі­зін­де айқындалады.»; «22-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылға арналған резервi 317 866 086 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»; «25-бап. 2015 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiл­дiктерiн беру лимитi 120 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн. 26-бап. 2015 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 6 925 492 122 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.»; «28-бап. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 1 148 280 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.»; 4) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосым­шалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын. 2-бап. Осы Заң 2015 жылғы 1 қаң­тардан бастап қолданысқа енгізіледі.