12 Наурыз, 2015

Ұлылық пен мәңгілік

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-02-15-nazarbaev-3

Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа! Қыр астында көміліп қалды ібіліс, Мәнге айналды кешегі сан құбылыс. Ұлы адамдар айтады ұлы сөзді, Мәңгілік Ер жасайды мәңгілік іс!   Көптен күткен далама  жыл құсы кеп, Тасыған бір көңілмен гүл құшып ек! «Тәуелсіздік!» дейтұғын ұлы сөзді, Сіз арқылы естідік тұңғыш рет!   Құлағалы қай заман хандық туы?! Салды азапқа заманның  сан бытқылы. «Қазақ келсін шеттегі!»  деген тағы, Қойдың тұңғыш қолыңды Жарлыққа ұлы!   Далам қайта көркейді,  жұрт өзгерді, Бастан талай өткіздік кілтең кезді. Үш ғасырға таяған, үш ғасырға, Аңсағалы қазағың бұл сөздерді.   Аз ба сыртта жеріме көздер  тұнған?! Бұл сөздерді бұзбасын өзге антұрған! Ұлы демей жігітті, кім дейін мен, Мәңгі өшпейтін осынау сөз қалдырған?!!   Жігіт болды сондағы жап-жас бала, Жаурамайтын табаны қар басса да. Болашаққа мәңгілік жоспар жасап, Салдың әкеп Арқаға мәңгі Астана!   Арманшыл ел Сіз сенген нанды үмітке, Сертте тұру – қасиет тән жігітке! Мәңгілік Ел орнаттың оты жанған, Шекарасы бекіген мәңгілікке!   Әлі алыста Сіз барып тынығар шың, Алдымызда жүре бер күліп әр күн. Төбесіне көтеріп, әлпештейді, Қазақ деген қашаннан ұлы халқың!   Күн еңкейіп, деме сен, көлеңке озды, Жібер тағы алысқа жедел көзді! Қандасымыз Нұрсұлтан Назарбаев, Мақтанышпен айтамыз деген сөзді!   Атыңды елің бүгін-ақ жазды алтынға, Сенсің әлі жан оты маздар Тұлға! Өзгермейді ұлы Сөз, ұлы Жарлық, Мәңгілік іс тұрады қаз-қалпында!   Арқа-Атырау тұрғанда, жер мәңгілік, Қазақ деген тұрғанда, Ел мәңгілік, Адамзаттың ауқымды тарихында, Қаларың хақ, Нұреке, сен мәңгілік!  Ауыт Мұқибек. Астана. 11.03.2015