12 Наурыз, 2015

Қол қою парақтарын берудің мерзімі қысқартылды

514 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
12-03-15-parakОсы жылғы 27 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидатты қолдап қол қою парақтарын берудің және қолдардың растығын тексерудің мерзімдерін қысқарту туралы шешім қабылдаған болатын. «2015 жылғы  26 сәуірге тағай­ындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау­ында Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидатты қол­дап қол қою парақтарын берудің және қолдардың растығын тексе­рудің мерзімдерін қысқарту туралы» ҚР ОСК 2015 жылғы 27 ақпан­дағы №6/266 қаулысына сәй­кес қол қою парақтарын Орт­сай­лауком кандидаттың Қазақ­стан Рес­публикасының Конститу­циясында және «Қазақстан Респуб­ли­касындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәй­кестігі тексерілгеннен кейін екі күнтізбелік күннің ішінде береді. Осыған дейін аталған рәсімге бес күн берілетін. Сондай-ақ, аумақтық сайлау комиссияларының кандидатты қолдайтын қолдардың растығын тексеру мерзімі он күннен бес күнтізбелік күнге дейін қысқартылды. Сайлау комиссияларының аталған сайлау рәсімдерін жүзеге асыру мерзімдерін қысқарту туралы шешімді Ортсайлауком тек кандидаттардың мүдделеріне сай қабылдады және бұл олар үшін ортақ уақыт ресурстарын ұлғайтады. * * * Қазірдің өзінде жүзге жуық шет­елдің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Қазақстан Республикасының президенттік сайлауына байқау жүргізе алады. «Қазіргі кезде біз еліміздің Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, халықаралық байқаушылар институтын аштық, – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев осы жөнінде. – Халықаралық байқаушылардың басым бөлігі бүгінде құжаттарын рәсімдеу үстінде». ОСК мүшесінің айтуынша, Сыртқы істер министрлігі деңгейінде аккредиттелген шамамен 100-ге жуық шетелдік БАҚ өкілдері бар. Тиісті заңнамаға сәйкес, бұл журналис­тер елімізде аккредиттелгендіктен, олар қазірдің өзінде президенттік сайлау барысын халықаралық деңгейде байқауға кірісе алады. «Ал Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ, ТМД жүйесі арқылы келетін байқаушыларды тіркейді», – деді ол. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».