23 Мамыр, 2015

Компания әрекетінің заңдылығы

327 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Компания әрекетінің заңдылығы - оған құқықтық баға берілуі тиіс

Қазақстан Коммунистік ха­лық партиясының қоғамдық қабыл­дауына заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін банктер мен ипотекалық ұйымдардың ­проблемалары бар қарыз алу­шылары өтінішпен келді. Бүгінде «БТА Ипотека» АҚ ипо­текалық ұйымы (компания) алғашқы тіркелген күннен бастап бірнеше рет өзінің атауын өзгертіп үлгергені бәріміз­ге мәлім. Бұрын компания­да Қазақ­стан Республикасының банк заң­намасында көзделген ұлт­тық және шетел валюталарын­да банктік қарыз операцияла­рын жүр­гізуге Қазақстан Респуб­ликасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (ҚР ҚҚА) 2008 жылғы 14 тамыздағы №27 ли­цензиясы болған. Компания бір­қатар пруденциялық норматив­терді сақтамағаны үшін ҚР ҚҚА шешімінің негізінде бұл лицен­зияның қолданылуы 2009 жылғы 2 қазаннан бастап үш ай мерзімге тоқтатылды. ҚР ҚҚА 2009 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен лицензияның қолданылуын тоқ­тата тұру мерзімі 2010 жылғы 26 наурызға дейін ұзартылды. Бұдан әрі 2010 жылғы 19 наурызда компания банк қызметін жүзеге асыруға лицензияны өз еркімен қайтару және компания бизнесінің стратегиясын активтерді қайта құ­руға, қалпына келтіруге және ипотекалық активтерді секьюриттендіруге маманданған кәсіпорынға қайта бейімдеу туралы шешім қабылдады. 2010 жылғы 25 мамырда «БТА Ипотека» компаниясының банк операцияларын жүргізуге лицензиясының қолданылуы біржола тоқтатылды.

Компанияның ресми қызметіне қатысты Астана қаласы әділет департаментінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы №09-10/ЖТ-14-359 жауабына сәйкес «БТА Ипотека» – «БТА Банк» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы» болып заңды тұлға ретінде тіркелді және коммерциялық ұйым болып табылады. Өтінішке/жарғыға сәйкес қызмет түрінде «кредиттеудің өзге түрлері» деп көрсетілген. Осылайша, қазіргі уақытта компанияның коммерциялық қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚР ҰБ) қаржы­лық реттеуіш юрисдикциясына жатпайды және тиісінше қолданыстағы заңнамаға сәйкес соңғысының алдында ешқандай жауаптылық та болмайды. 2013 жылға арналған ауди­тор­­лық есепте көрсетілгендей, «Эр­нест энд Янг» ЖШС компания­сы­ның жалғыз акционері «БТА Ипо­тека» АҚ болып табылады. Ком­­панияға түпкілікті бақылауды 2009 жыл­ғы ақпаннан бастап «Сам­ұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қо­­ры» АҚ қаты­сатын Қазақстан Рес­­­пуб­ли­касының Үкіметі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі қарай – ҚР АК) 34-бабының 1-тармағына сәйкес өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммер­ция­лық ұйым) заңды тұлға бола алады. «Қазақстан Республикасын­дағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі – заң) 26-бабының 7-тармағында банк операцияларының барлық түрлерi оны жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген жағ­дайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiндігі көзделген. Сонымен бірге, заңның 30-бабында банк операцияларының барлық түрлері анықталған, солардың негізінде банк немесе ипотекалық ұйымдар табысын келтіруге құқылы. 2010 жылғы 25 мамырдан бастап компанияның банк операцияларын жүргізу құқығы лицензиясының қолданылуы тоқтатылды, яғни компания аталған датадан бастап заңға сәйкес пайда алуға құқығы жоқ және заңды тұлғаның коммерциялық қызметі ҚР АК сәйкес реттеледі. ҚР АК 293-бабына сәйкес борышқор мiндеттемесiн орында­маған немесе тиiсiнше орын­да­маған жағдайда, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойын­ша несие берушi оған келтiрiлген за­лалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес. ҚР АК 295-бабының 1-бө­лі­гінде заңды айып төлеу ұғымы белгіленген, яғни несие беру­шi тараптардың келiсiмiнде айып төлеу мiндетi көзделген-көздел­мегенiне қарамастан, заңдарда белгiленген айып төлеудi (заңды айып төлеудi) талап етуге құқылы. Өз кезегінде, ҚР АК 353-бабында біреудің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапты болу тетігі нақты жазылған: Бірінші – ақша мiндеттемесiн орындамау салдарынан бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзiмiн өткiзiп жiбергенi, не оларды негiзсiз алға­ны немесе басқа адамның есе­бiне сақтағаны үшiн айыпақы төле­нуге тиiс. Айыпақының мөлшерi ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындаған күнгi Қа­зақстан Республикасының Ұлт­тық Банкi белгiлеген қайта қар­жыландырудың ресми мөлшер­лемесі негiзiнде есептеледi. Бо­рышты сот тәртiбiмен өндi­рiп алу кезiнде сот несие берушi­нiң таңдауы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қуыным жасалған немесе шешiм шығарылған немесе iс жү­зiнде төленген күнгi қайта қар­жы­лан­дырудың ресми мөлшерлемесін негiзге ала отырып, несие берушi­нiң талабын қанағаттандыра алады. Егер заң құжаттарында немесе шартта айыпақының өзге мөлшерi белгiленбесе, осы ережелер қолданылады. Екінші – басқаның ақшасын пайдаланғаны үшiн айыпақы, егер заңдарда немесе шартта айыпақы сомаларын есептеудiң өзге тәртiбi белгiленбесе, бұл ақшаның сомасы несие берушiге төленген күнге дейiн өндiрiп алынады. Үшінші – егер несие берушiнiң ақшасын заңсыз пайдаланудан оған келтiрiлген залал осы баптың 1-тармағының негiзiнде оған тиесiлi айыпақының сомасынан асып кетсе, ол борышқордан осы сомадан асатын бөлiкте залалды өтеудi талап етуге құқылы. Жоғарыда аталған материалдық құқық нормаларынан көрініп тұрғандай, компания қолданыстағы азаматтық заңнаманың негізінде өзінің коммерциялық қызметін жүзеге асыруға міндетті, алайда, ипотекалық қарыз алушылардың мерзімі өтіп кеткен кредиттеріне қатысты айыппұл мен өсім көлемін есептеу кезінде компания ҚР ҰБ бекіткен қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін қолдан­байды. Мерзімі өтіп кеткен заңды айыпақыны есептеудің әрбір жағ­дайында төлеуге жататын айыппұл мен өсімдердің есептелген сомасы негізгі қарыздың мөлшеріне пара-пар келеді, ал кей кезде қа­рыз алушылардың компания алдын­дағы қарызынан да асып түседі. Жоғарыда айтылғандардың не­гізінде, Бас прокуратурадан банк опе­­рацияларын жүргізуге лицен­­­зия­­ның қолданылуын тоқ­тат­қан кез­ден бастап компания әре­кеті­нің заңдылығына және негіз­ділі­гіне құ­­­­­қықтық баға беруін және заң­на­маны бұзушы­лық анықталған жағ­дай­­да, прокурор­лық ден қоюдың ба­ра­бар шараларын қолдануды сұраймыз.

Айқын ҚОҢЫРОВ, Мәжіліс депутаты.