12 Наурыз, 2015

Жалған құжат түрмеге жапты

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-03-15-dokuvent-1

Атырау облысында ресми құжатты бұрмалап жазып, өзі оған қол қойып, жалғандық жасағаны үшін полиция қызметкеріне сот үкімі шықты. Бұл туралы Мақат ауданы прокурорының орынбасары Досбол Бағытжанов былайша әңгімелеп берді: – Полиция қызметкері Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің жол-патрульдік полиция ротасының полицейі қызметтік жалғандық жасау мақсатында бір азаматпен Атырау қаласындағы Атырау ықшам ауданында кездескен. Ол өзімен кездескен азаматтың 2014 жылғы 5 қарашада Мақат аудандық сотының қаулысымен 1 жыл мерзімге жүргізушілік құқығынан айырылғанын біле тұра, өзімен бірге алып келген 06 №030583 санды әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға Әкімшілік құқық бұзушылық тура­лы кодексінің 163-1-бабын бұзғаны үшін деген жалған мәліметтер енгізіп, хаттама толтырған қызмет­кердің орнына А.Арманұлы жол-патрульдік полиция ротасының қызметкері деген жалған ішкі істер органы қыз­меткерінің аты-жөнін көрсетіп, ресми құжатты шын мәнінде бұрмалап, өзі жалған қол қойған. Сосын жал­ғандық жасағаны үшін әлгі жүргізуші азаматтан 15000 теңге алған. Алайда, артынша оның жалғандығы әшкере болған. Осыған байланысты өткен сот отырысында полиция қызметкері өзінің кінәсін толық мойындаған. Мақат аудандық сотының үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 314-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сөйтіп, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостан­дығынан айыру жазасы тағайындалды. Соны­мен қатар, жүргізуші де жалған құжатты көрінеу біле тұра пайдаланғаны үшін аудандық соттың үкімімен екі сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.