12 Наурыз, 2015

Әскери қызметшілер 5 көлікті қар құрсауынан құтқарды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-03-15-buran-1

АСТАНА. 12 наурыз. Бүгін түнде Астананың қолайсыз ауа-райына қарамастан 83205 әскери бөлімінің жеке құрамы шартты жауынгерлік даярлықтың жоғарғы деңгейіне келтірілді. Бөлімшелер шоғырлану ауданында тактикалық-саптық жаттығуларын өткізд. Бұл туралы BNews.kz хабарлады. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу-жаттығу барысында 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Астана маңындағы Павлодар тас жолы бойында орналасқан Бұлақсай ауылында қар құрсауынан 5 көлікті алып шығып, басқа автокөліктерге жол ашты. Аталмыш іс-шараның мақсаты «жиын», «дабыл» бұйрықтары бойынша тәуліктік наряд пен бөлім жеке құрамының іс-қимылдарын жаттықтыру болғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, көліктерді парктен шығаруды ұйымдастыру тәртібін, парк және бағыттарда оларды реттеу, марш жасау, штабтық модульді көліктер кешенін орнату. Көліктер марш аясында 1 және 2 автокөлік батальондарының және 4 модульді далалық жылжымалы басқару пунктінің автокөлік техникалары қолданылды. Шоғырлану ауданына жасалған марш барлық бекітілген талаптар мен қауіпсіздік шараларын сақтаумен бекітілген бағытқа сәйкес атқарылды. Мұрат Айтқожа.
Соңғы жаңалықтар

Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады

Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03