АСТАНА. 12 наурыз. «Ертіс» футбол командасы жанкүйерлеріне жаңа құрамын таныстырды. Жаңа маусымға тыңғылықты дайындалған павлодарлықтар қатарын бірнеше белгілі футболшымен толықтырды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Маусым алдында «Ертіске» еліміздегі ең танымал футболшылардың бірі Самат Смақов пен Давид Лория келді. Сондай-ақ, өзге де отандық ойыншылар Павлодарға қоныс аударды.
Қазақстандықтардан бөлек, «Ертіс» сапына шетелдік футболшылар да қосылды. Атап айтар болсақ, Ресейдің «Анжи», «Динамо» (Мәскеу) және «Локомотив» командаларында ойнаған Алан Гатагов бұдан былай «Ертістің» ойыншысы. Одан бөлек, Сергей Игнатьев пен Артем Самсонов есімді тағы екі ресейлік «Ертістің» намысын қорғайтын болады. Шеттен келген футболшылардың қатарында Иван Граф (Хорватия), Изу Азука (Нигерия) және Буркина-Фасо ұлттық құрамасының ойыншысы Аристид Басе бар.
«Ертістің» бас жаттықтырушысының айтуынша, командаға негізінен жас және болашағынан үміт күттіретін ойыншылар келген.
Биыл павлодарлық команда үшін мерейлі жыл. Клубтың 50 жылдығын атап өтетін ұжым маусымды үздік нәтижемен аяқтауды мақсат тұтады. «Ертіс» ел чемпионатын бес рет жеңіп алған алғашқы команда екенін айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: fc-irtysh.kz.

60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29