12 Наурыз, 2015

Индонезияда қалыңдық үйімен қоса сатылады

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-03-15-indonezia-1

АСТАНА. 12 наурыз. Индонезияның Джокьякарта қаласында тұратын Вина Ли есімді әйел (суретте) саудаға үйін, оған жапсарлас салынған гаражын, кең ауласын және... өзін қоса шығарды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. Әйелге мұндай идеяны жылжымайтын мүліктер жөніндегі агент берген көрінеді. Екі жатын бөлмесі, екі ваннасы және балықтар өсіретін тоғаны бар бір қабатты үй 77 мың долларға бағаланған. Үйдің сатылатыны туралы жарнаманы риелтор сайтына орналастырған агент «Үйді сұралған баға бойынша сатып алып, әйелді қоса иемденіңіз» деп жазып қойыпты. Ал 40 жастағы Вина Лидің айтуы бойынша, оның осы кезге дейінгі махаббат машақаттарының бәрі сәтсіз аяқталыпты. Дегенмен, ол әлі үмітін жоғалта қоймағанға ұқсайды. «Менің алдымен үйді сатқым келген, ал егер оған қоса жанымды түсінеін адам кездесіп жатса, тіпті қатып кетер еді», - дейді әйел. Агенттің айтуы бойынша, қазір үйді сатып алуға тілек білдірушілерде есеп жоқ сияқты. Оны сатып алушының әйелді қоса алуы міндетті емес екені айтылғанына қарамастан, үйлемеушілер қатары үзілетін емес. Мұрат Айтқожа.