АСТАНА. 12 наурыз. Президент сайлауына үміткер ретінде қатысуға ниет білдірген Қанат Төрегелдиев мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия сынынан сүрінбей өтті. Бұл туралы gazeta.kz хабарлады.
«Кандидат бірінші сынақта «Отты жылдар тағылымы» тақырыбын әжептеуір ашқан. Қателері де бар. 7 қате жіберіпті, емледен – 2, тыныс белгісінен – 4, стилдік 1 қате кеткен. Жұмысы жаман емес, жап-жақсы», – деді кандидаттың сынақ нәтижесін таныстырған лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.
Оның атап өтуінше, екінші сынақта кандидат Ф.Оңғарсынованың поэзиясын барынша мәнерлеп оқып, комиссия мүшелерінің көңілінен шыққан.
«Үшінші сынақта «Халық тарихы және рухани жәдігерлер» тақырыбында сөз сөйледі. Дегенмен, Қанат мырза, рухани жәдігерлер дегенді онша ұға алмадың. Рухпен шатастырдыңыз. Сізге бірқатар сұрақтар қойылды. Болашақта есіңізде болатын нәрсе, әрбір сауалға жауабыңыз үстірттеу. Содан кейін ойыңызда жүйелілік, нақтылық жағы жоқ. Шынтуайтына келгенде Қанат Сыбашұлы Төрегелдиев қазақ тілінде сайрап тұр. Қолма-қол өлең жазады, шығарманың өзін өлеңмен бастапты. Сондықтан комиссия мүшелері кең талқылап, әлгіндей қателері болғанымен, ой жүйесінде үстірттік орын алғанымен, Қанат Төрегелдиев қазақ тілін еркін меңгерген деген қорытынды шығарды», – деді комиссия төрағасы.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: gazeta.kz.

Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38
Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі
Теңге • Бүгін, 15:24
Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді
Ипотека • Бүгін, 15:16
Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды
Әлем • Бүгін, 15:07
«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47
Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 14:30
14 өңірде Tomorrow School мектептерінің желісі ашылды
Технология • Бүгін, 14:18
Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 14:08
Қызылорда облысында ауылды су басу қаупі сейілді
Су тасқыны • Бүгін, 13:48
Үсік жүріп, қар жаууы мүмкін: Қазақстанда күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Мұхтар Шахановтың есімін Алматы көшелерінің біріне беру ұсынылды
Тұлға • Бүгін, 13:14
Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55