АҚТӨБЕ. 12 наурыз. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева бір топ көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін салтанатты түрде табыстады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Әкім орынбасарының айтуынша, бүгінгі күні қаламызда 5971 көп балалы ана тұрады, оның ішінде 1285-і «Алтын алқа», 1513-і «Күміс алқа» иегерлері. Сондай-ақ, 285 «Батыр ана», 342 I, II, III дәрежелі медаль иегерлері бар. Айгүл Арынғазиева қала әкімдігі көпбалалы аналарға қолдау көрсетуді дәстүрге айналдырғанын, осы жолы сондай сегіз анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілері тапсырылғанын айтып өтті. Одан бөлек, ол жыл санап көп балалы аналар қатарында жас аналар саны артып келе жатқанын жеткізді.
Арнайы ұйымдастырылған жиында Айгүл Арынғазиева Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, ақтөбелік Райхан Әлжанова, Алма Қарабалина, Маржангүл Қасенова, Гүлмира Пахриддинова және Айткүл Оразынбетоваға «Алтын алқа», ал Гүлмира Жұмағалиева, Қызғалдақ Нияз, Райхан Наурызалинаға «Күміс алқа» белгілерін табыс етті.
Сатыпалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: qiyan.kz.
• 12 Наурыз, 2015
Ақтөбеде аналарға алтын және күміс алқалар тапсырылды

Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38
Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі
Теңге • Бүгін, 15:24
Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді
Ипотека • Бүгін, 15:16
Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды
Әлем • Бүгін, 15:07
«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47
Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 14:30
14 өңірде Tomorrow School мектептерінің желісі ашылды
Технология • Бүгін, 14:18
Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 14:08
Қызылорда облысында ауылды су басу қаупі сейілді
Су тасқыны • Бүгін, 13:48
Үсік жүріп, қар жаууы мүмкін: Қазақстанда күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Мұхтар Шахановтың есімін Алматы көшелерінің біріне беру ұсынылды
Тұлға • Бүгін, 13:14
Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55