Кездесу басында Тұрғын Ысқақұлы сайлауалды тұғырнамасының негізгі аспектілерін ұсынды. Коммунистер үшін марксизм – қоршаған өмірдің өзгеруіне, қоғамдық дамудағы жаңа құбылыстар мен деректерді жинақтап, мәнін түсінумен байланысты ұдайы дамып келе жатқан жасампаз ғылым болып табылады.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизм мен Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының бағдарламалық ұстанымдарын және оның қызметін насихаттау қажет. Бүгін мен қазіргі заманда адамгершілік құндылықтарын өзгертетін негізгі мәселелер туралы партияның атынан мәлімдеп отырмын.
Тек коммунистер ғана емес, басқа да ірі саясаткерлердің, экономистердің, ғалымдардың пайымдауынша, батыс қоғамы әділетсіз болып табылады. Коммунистік ойларды іске асыру адам мен табиғаттың үйлесуіне септігін тигізеді.
Бүгін батыстық тұрмыс салтының кемшіліктері мәдениет саласында анық байқалады. Қазіргі заманғы батыс қоғамы капиталистік жолдың алысқа апармайтынын көрсетіп отыр.
Бүгінгі әлемдегі тойымсыз тұтынушылық дегеніміз не? – Бұл қолдан жасалған жалған құбылыс. Ол «өмірдің мәні – жеке бастың қамы» деген теріс тәрбие береді. Адамгершілік құндылықтар жүйесін өмірге деген қанағатсыз көзқарас алмастырды. Бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бірқатар күрделі мәселелер туындатуда.
Батыс мәдениеті бизнеске айналды. Оның құндылықтарының басты шарты сұраныс пен ұсыныс қарым-қатынасына ғана негізделеді. Соңғы жылдары әлемді толқытқан саяси және экономикалық дағдарыстар жиілеп кетті. Экономика мен қаржы салаларын дендеген трансұлттық корпорациялардың үстемдігі қоғамның ыдырауына алып келді.
Батыс қоғамы сүйеніп келген орта тап бірте-бірте моральдық тұрғыда азып-тозған тоғышар тұтынушыға айналып барады. Прогресті регресс алмастырды. Адамзат осы күнге дейін жинақтап келген моральдық және мәдени құндылықтар көлеңкеге кетіп, бір мезеттік қажеттілікті қанағаттандыру басты мақсатқа айналды, деді президенттікке кандидат.
ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы А.Әлімбаев жиналғандарға былай деді: «Кандидатымыздың сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тиісті ақпараттық қызмет атқаруда. Штабымызда 5 сенім білдірілген адам бар. Олар үгіт-насихат материалдарын орналастырып, халықпен кездесулер ұйымдастырумен айналысады. Сондай-ақ, үгіт-насихат жұмысында «Қазақстан Коммунисі» газеті, партия сайты, интернет пен әлеуметтік желілер белсенді қолданылуда».
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.

Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше