12 Наурыз, 2015

Солтүстік Қазақстанда аудан әкімі тағайындалды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-03-15-akim.03АСТАНА. 12 наурыз. Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен, Солтүстік Қазақстан өңірінің басшысы Ерік Сұлтановтың өкімімен Аққайың ауданының әкімі болып Дәурен Бозтайұлы Байтөлешов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Д.Байтөлешов 1979 жылы Алматы қаласында туған. Білімі жоғары. Мамандығы – заңгер. Еңбек жолын 2003 жылы Астана қаласы Алматы ауданы прокуратурасының атқарушы өндіріс және сот қаулысының заңдылығын бақылау бойынша басқарма прокуроры болып бастаған. 2006-2007 жылдары. Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, көмекшісі. 2007 жылдың желтоқсанында Теміртау қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалған. 2008 жылдың тамызынан 2009 жылдың қыркүйегіне дейін Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары болып жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары. Қарағанды облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы болып еңбек етті. 2010-2012 жылдары аралығында «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының кадрлармен жұмыс және құжаттық қамту департаментінің директоры болды. Ал 2012 жылдың тамызынан осы кезге дейін Премьер-Министр Кеңсесі аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы болып қызмет етіп келген. Жолдыбай Базар. Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі. Сурет: severpost.ru.