12 Наурыз, 2015

Назарбаев, Путин және Лукашенко кездесуі алдағы аптада өтеді

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-03-15-naz_put_luk-1

АСТАНА. 12 наурыз. Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко алдағы аптаның ішінде кездесетін болады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков үш мемлекет лидерлерінің бұдан бұрын Астана қаласында өтетін болып белгіленген кездесуі алдағы аптада өтіп қалу ықтималдылығын жоққа шығармайды. Дүйсенбі күні Кремльдің баспасөз қызметі Путиннің 12-13 наурыз күндері Назарбаевтың шақыруы бойынша Астанада болып, белорус лидерінің қатысуымен үшжақты кездесу өткізетінін баяндаған еді. Алайда, артынша кездесудің белгіленген мерзімде өтпейтін болғаны хабарланды. «Келесі аптадан өтіп қалатын шығар», - деді Песков. Сәкен Майлыбай. Дерек, фото: РИА «Новости».