Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева бастаған парламенттік делегация Ресей Федерациясына сапармен барды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Сапар барысында РФ Мемлекеттік Думасының Төрағасы С.Нарышкинмен, РФ Мемлекеттік Думасы Төрағасының бірінші орынбасары А.Жуковпен, Бюджет және салық жөніндегі комитет төрағасы А. Макаровпен, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасы И.Яровпен, сондай-ақ, Отандастармен байланыс және еуразиялық интеграция, ТМД істері жөніндегі комитет төрағасы Л.Слуцкиймен кездесті.
Кездесу мақсаты қаржы, салық, бюджет салаларындағы жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тәжірибе алмасу, сондай-ақ, парламентаралық байланыстың барынша маңызды бағыттары бойынша өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету болды.
Сонымен қатар, жүздесуде салықтық заңнамаларды жетілдіру, Парламенттің Үкіметпен, басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимыл тәжірибесі, қаржы саласындағы қауіптерге қарсы күш біріктіру мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Қос тарап екі елдің заңнамалық органдары арасында ақпараттар алмасу мен заң шығармашылық қызметін үйлестіру, әсіресе, Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне кеңінен тоқталды.
РФ Мемлекеттік Думасында қазақстандық делегация Бюджет және салық жөніндегі комитет жиналысына қатысты.
Келіссөздер нәтижесінде парламентаралық ынтымақтастықты нығайту туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Сондай-ақ, бүгін Вице-спикер Дариға Назарбаева бастаған парламенттік делегация Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрайымы Татьяна Голиковамен кездеседі.

Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше