АСТАНА. 4 сәуір. Англияның солтүстік-шығысындағы Ноттингем қаласында студенттер жатақханасынан өрт шықты. Салдарынан бірнеше студент зардап шекті. Олардың арасында қазақстандықтар да бар. Бұл туралы khabar.kz хабарлады.
Тілсіз жау ғимаратқа айтарлықтай зақым келтірді. Сондай-ақ, студенттердің киім-кешектері мен дүние-мүліктері де отқа оранды. Өрт сөндіру кезінде ондаған адам қауіпсіз жерге көшірілді.
«ҚазАльянс» шет елдердегі қазақстандық студенттер бірлестігінің президенті Рашид Аюповтың айтуынша, зардап шеккендердің арасында екі отандасымыз бар. «Екеуі де сол жақта білім алуда. Біз апаттан кейін олармен хабарласып, алғашқы көмегімізді көрсеттік. Әрқайсысына уақытша жататын орын тауып, киім-кешек алу үшін 500 фунт стерлингтен бір мезеттік қаржы аударылды. Сондай-ақ, Ұлыбританиядағы «Болашақ» стипендиясының өкілдері де көмек қолын созуда», – дейді Р.Аюпов.
Айта кетейік, жатақхана бұрын темекі фабрикасының ғимараты болған.
Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2014 жылы шет елдерде оқитын отандастарымыздың саны 45 мыңды құраған. Соның ішінде Ұлыбританияда 4 000 қазақстандық білім алуда.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: khabar.kz.

Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше