АСТАНА. 4 сәуір. АҚШ-тың Колорадо штатында толассыз жауған қардың салдарынан бір мезетте 39 автокөлік соқтығысып қалды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Оқиға Боулдер қаласының маңында болған. Бірнеше сағат бойы жауған қар боранға ұласып, көру мүмкіндігі азайған. Нәтижесінде, жүргізушілер алдағы көлік апатын дер кезінде көрмей, бірінен соң бірі соқтығысуға мәжбүр болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, апаттан зардап шеккендер жоқ.
Апат болған тасжол бірнеше сағатқа жабылды. Куәгерлердің айтуынша, Колорадода мұндай жол-көлік оқиғалары жиі болады. «Себебі, бізде ауа райы аяқ астынан құбылып шыға келеді. Тіпті бір тәулікте жылдың төрт мезгіліне тән күн райын байқауға болады», – дейді жергілікті тұрғындардың бірі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: РИА «Новости».
Сурет: runews24.ru.

Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше