АСТАНА. 4 сәуір. Шымкент қаласындағы №12 мектептің мұғалімдері аталмыш білім мекемесінде орын алған заңсыз әрекеттерді жариялады. Бұл туралы 365info.kz хабарлады.
Мұғалімдердің айтуларынша, директор мектепті аттестациядан өткізу үшін әр қызметкердің айлығының 30 пайызын алған. Мекеме басшысы ұстаздардан бастап, еден тазалаушыларға дейінгі жүзшақты адамнан алынған комиссияның қолына ұстатады. Бірақ комиссияға қыруар қаржы берілгеніне қарамастан, мектеп аттестациядан өтпей қалады. Тексерушілер әлгі ақшаны азсынған секілді.
Жалпы, жүздей қызметкерден 2 млн.-ға жуық теңге жиналыпты. Енді мұғалімдер ақшаны өздеріне қайтарып беруді талап етуде.
Осы жағдаяттан кейін ұжым екіге жарылған. Олардың бір тобы мектеп басшысын жақтап отыр. Ал директор бұған байланысты түсінік беруден бас тартқан.
Айта кетейік, мектептегі өрескел әрекетті дәлелдейтін, яғни директордың ақша жинағанын растайтын бейнематериалдар баршылық көрінеді.
Қазіргі таңда тиісті орындар аталмыш мәселеге қатысты тексеру жұмыстарын бастап кетті.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: vk.com.

Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше