АСТАНА. 4 сәуір. Қытайдың IUNI компаниясы тек әйелдер қауымына арналған жаңа IUNI i1 смартфонын шығаратын болды. Ол таяуда Барселонада өткен MWC көрмесінде халық назарына ұсынылған IUNI U3 mini смартфонының жетілдірілген нұсқасы болмақ. Бұл туралы 1news.az хабарлады.
Жаңа байланыс құралы ақ және қызғылт түсті болады. Сондай-ақ, алдыңғы камерасының өзі 8 мегапиксельді болады деп жоспарлануда. «Мұндай смартфонмен жасалған «селфи» өте сапалы шығады. Қажет болса, құрылғыға орнатылған арнайы бағдарлама арқылы суретті өндеуге болады. Өнім тек қыздарға арналғандықтан, оған адам терісін қалай күтуге болатыны және тағы басқа да тақырыптар бойынша кеңестер беріп тұратын бағдарламалар орнатылады», – дейді компания өкілі.
Смартфонның техникалық мүмкіндігінде компанияның осы санаттағы өзге өнімдерінен айтарлықтай айырмашылық болмайды. IUNI i1-дің жұмыс істеу жүйесі Qualcomm Snapdragon 801 процессорына негізделген. Жедел жадысы 2, ал жалпы жадысы 32 гигабайт. 5,2 дюймді экранның мүмкіндігі 1920х1080 пиксель. Бағасы 320 АҚШ доллары шамасында болмақ.
Еламан Қоңыр.
Дерек, 1news.az.
Сурет: china-review.com.ua.

Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:42
Қазақ тазысы World Dog Show 2026 көрмесінде топ жарды
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Алан Құрманғалиев Швециядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:21
Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек
Әлем • Кеше
Әлем • Кеше
Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды
Қоғам • Кеше
12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды
Оқиға • Кеше
BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Кеше
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Кеше