Жауапкершілік пен жоғары кәсібилікті талап етеді
Ерболат МҰҚАЕВ, Сенат депутаты: – Парламенттің 5-ші шақырылған 5-ші сессиясы өз жұмысын бастады. Ендігі біздің алдымызда тұрған міндет айқын. Ол – Елбасының тапсырмаларын орындап, берген міндеттемелерінің үдесінен шығу. Солардың ең бастысы – 5 институттық реформа мен осы реформаға қатысты жүзеге асырылатын 100 нақты қадам. Демек, бізді алдымызда үлкен, қауырт, күрделі жұмыстар күтіп тұр. Әрине, қазіргі таңда әлем ауыр экономикалық жағдайды бастан кешіп отыр. Жаһанда болып жатқан экономикалық қиыншылықтардың салқыны бізге де тиіп жатқаны жасырын емес. Сондықтан Үкімет Президенттің тапсырмасына сәйкес, жаңа экономикалық реформа қабылдаған болатын. Сол реформаны жүзеге асыру мақсатында Парламент аянбай, Үкіметпен бірге бірлесе қызмет атқаратын болады. * * * Сәкен ЖЫЛҚАЙДАРОВ, Мәжіліс депутаты: – Жазғы демалыс кезінде Талдықорған, Алматы өңірлерінде болып, сол жақтың жұртымен кездестік, түрлі мекемелерге барып, тыныс-тіршілігімен таныстық. Мәселен, алты ауданның кейбір ауылдарында болып, ондағы жұрттың жер, баспана, сот шешімдеріне қатысты туындаған пікірлері мен өтініш-тілектерін естідік. Себебі, мұның бәрі біздің жұмысымызға қажет. Бұл бұрын қабылданған заңдардың қажеттілігін білу, алдағы уақытта қабылданатын заңдардың жобасын таразылау, сараптан өткізу үшін де керек. Әрине, өмір бір орында тұрмайды. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған заңдарды қайта қарау қажеттілігі де туындауы мүмкін. Себебі, заман өзгеруде. Ол кезде қойылған талап бір бөлек те, қазіргі таңда қойылып отырған талап мүлде бөлек. Сондықтан, қоғам ілгерілеген сайын, ондағы заңдар мен олардың ереже-нормалары да соған сәйкестенуі тиіс. * * * Андрей БЕГЕНЕЕВ, Мәжіліс депутаты: – Президент біздің алдымызға ауқымды міндеттер қойып отыр. Бесінші сессия барысында экономиканың ел өмірін жақсартуына қатысты заңдық құжаттарды қабылдауда көп тер төгетін боламыз. Қазіргідей қиын кезеңде заңдарды жетілдіру өте маңызды. Соның ішінде қазақстандық үлесті барынша арттыру міндеті тұрғанын атап кеткен жөн. Бұл, әрине, жұмыс орындарын ашып, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін қажет. Қазақстандық тауарлардың әлемдік рыноктағы танымдылығы жоғары болуы үшін шағын және орта бизнесті қолдау керектігін ерекше атап кетпекпін. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп жүрген шаруа қожалықтарын қолдау арқылы олардың аяғынан нық тұрып кетуіне жағдай жасау. Кәсібін өркендеткісі келетіндерге әртүрлі жеңілдіктер жасау қолдаудың оңтайлы тетігі деп білемін. Бұл ретте екінші дәрежелі банктердің кәсіпкерлерді қысымға алуы емес, керісінше, қолдау тұрғысында өз жұмыстарын үйлестіруі орынды болмақ. Заңдық тұрғыдан банктерді халыққа барынша жақындату жағын ойластырғанымыз абзал. * * * Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Мәжіліс депутаты: – Қазіргі таңда еліміздің ауыл шаруашылығына қатысты кез келген мәселе өте өзекті әрі маңызды. Мәселен, халықпен кездесу барысында түрлі мәселелер көтеріледі. Ел тұрғындары көбіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың жоқтығы сынды мәселелерді көтеріп, бұл салаға ерекше назар аудару қажеттігін сұрап жатады. Біз алдағы уақытта Парламентте, міне, осы тектес мәселелерді айрықша қарастырып, зердеден, сын елегінен өткізуіміз қажет. Жалпы, ендігі кезекте елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартатын заң жобаларын қабылдауымыз керек деп ойлаймын. Себебі, әлемнің қандай құбылмалы күйде тұрғаны баршаға аян. Ал мұндай жағдайда халықтың жағдайы, өмір сүру сапасы ерекше назарда тұруы тиіс. * * * Гүлжан ҚАРАҚҰСОВА, Мәжіліс депутаты: – Биылғы жылы біздің алдымызда өршіл және күрделі міндеттер тұр. Президент айқындап берген «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бойынша заң жобалары әзірленуде. Сөз реті келгенде Парламент Мәжілісіне қазіргі кезде 59 заң жобасының келіп түскендігін айта кету керек. Президент 70-тен аса заңдық құжат туралы айтқанына қарағанда, заң жобалары тағы да келіп түсуі мүмкін. Қазіргі әлемдегі жағдайларды қаперге алсақ, біздің алдымызға қысқа ғана уақыт ішінде барлық заңдық құжаттарды сапалы әзірлеу міндеті қойылып отыр. Бұл заңдық құжаттар 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «100 нақты қадамды» жүзеге асыруға кірісіп кету үшін қажет. Осы жерде 2016-2018 жылдарға арналған алдағы үшжылдық республикалық бюджет жобасының палата қоржынына келіп түскендігін де атай кетейін.Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56
Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 11:36
Шерзат Болаттың өлімі: тергеу қашан аяқталады
Заң • Бүгін, 11:14