АСТАНА. 4 сәуір. Кеше Ресейдің белгілі тележүргізушісі Тина Канделакиді (суретте) көрермендер кенет Волгоград метросынан көріп қалғандарында қатты таң қалды. Бұл туралы жергілікті «Кривое Зеркало. Ru» хабарлады.
Танымал тележүргізушінің қаһарман-қалаға табан басуы РФ үкіметінің вице-премьері Игорь Шувалов, спорт министрі Виталий Мутко секілді тұлғалардың осында жасаған сапарларымен кездейсоқ тура келіп қалыпты.
3 сәуір күні Волгоградқа Мәскеуден тұтас бір десант сау етіп келе қалды. Бұл саптағы үкімет басшысының орынбасары мен спорт министрі мұнда 2018 жылғы мундиальға дайындық барысын көруге келіпті. Бір күннің ішінде олар салынып жатқан халықаралық терминалды, «Победа» аренасы бой көтеретін алаңды, бірнеше жаңа мейманхананы көріп үлгерді.
Ал Тина Канделаки бұл кезде қалада өз жұмыстарымен жүрді. Еділ жағасындағы қалаға да ол өзінің жеке шаруасымен келген сияқты. Бізге белгілісі, ол алдымен өзеннің жағасына барып, суретке түскен. Сосын оны әлеуметтік желіге салып: «Жағаладағы жақтауларға сүйенбеңіздер! Пальтоларыңызды тазалай алмай қаласыздар!» деп жазыпты.
Бұдан соң Тина Мамай қорғанына бару үшін метроның «Комсомольская» стансасына түскен. Оның есебін тағы да Интернетке салып қойыпты. «Ауа райы, әрине, онша емес, бірақ көңіл күй көтеріңкі. Трамваймен Волгоград метросына келе жатырмын. Билеті 15 рубль», деп жазады тележүргізуші.
Содан кейін өзін танып қалған қырағы жолаушылармен ескерткіш үшін суретке түсіпті. Алайда, танымал тұлға қаһарман-қалаға не үшін келгені туралы тіс жарып, бір ауыз сөз айтпайды. Канделакидің өкілі мұны жұмыс сипатында емес екенімен ғана түсіндіреді.
Тинаға қаланың көрікті жерлері ұнаған. «Отан-Ананы жанынан көру деген, әрине, керемет! – деп жазады ол. – Орасан зор ауқымдағы мүсін – Азаттық статуясы мен Риодағы Христ Айыбын жуушы статуясынан екі еседей үлкен. Айтқандай, ол салынып жатқанда, құрылыс орнына бетон тасушы жүк көліктері төбелеріне лента тағып алып жүріпті. Осы арқылы бағдаршамның «қызылына» қарамай, тоқтамастан өте беретін болған. Ал ГАИ қызметкерлеріне оларды тоқтатуға тыйым салынған. Міне, қандай құрылыс болған десейші!».
Самат Құлымбет.
Мәнбе, сурет: Кривое Зеркало. Ru.