05 Сәуір, 2015

Барнаулдық әйел «Пусть говорят» эфирін ел-сал етті (видео)

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-04-15-tatiana_ivanova-1

АСТАНА. 5 сәуір. Ресейдің Барнаул қаласында тұратын әйел Бірінші арнаның «Пусть говорят» бағдарламасы эфирі арқылы аяқ астынан күллі елге танымал болып шыға келді. Бұл туралы «Алтапресс.ру» хабарлады. «Әйел өзінің тартымдылығымен және қан қыздыратын биімен Андрей Малахов пен тақырыптық шығарылымның қонақтарын таң қалдырды», - делінген ақпарда. https://youtu.be/3SQJ-jwOwA8 Татьяна Иванова аталған тақырыптық шығарылымға осының алдында ғана YouTube желісіне түсіп қалған видеосы арқылы тап келді. Мұны алдымен «Комсомольская правда» жариялады. Ханым аталмыш видеоның Барнаулдағы Яровой алаңында түсірілгенін айтты. Онда әйел үрмелі аспаптар оркестрінің орындауындағы музыка аясында жұртпен бірге билеп, бірден көрушілердің ықыласын өзіне аударып әкетеді. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, видео: Алтапресс.ру. Фото: altapress.ru. Суретте: Татьяна Иванова Барнаулдағы алаңда.