АСТАНА. 5 сәуір. Тәжікстан астанасы – Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Басқосуда еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ұйымға мүше елдердің оңтүстік өңірлерінде содырлардың шоғырлануына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы ca-news.org хабарлады.
«Ауғанстан территориясында «Ислам мемлекеті» өкілдерінің пайда болуына байланысты, ол жақтағы жағдайдың айтарлықтай өзгергенін атап өткен жөн. Осы мақсатта біз аталған жағдайды ҰҚШҰ шеңберінде сараптап, тыңғылықты зерттеу жұмыстарын жүргізу және осыған байланысты аймақта болуы мүмкін қауіптің алдын алу үшін іс-қимылдар алгоритмін дайындау туралы келісімге келдік», – деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ, ол әлемдегі тұрақсыздыққа ерекше мән беріп, қатысушылардың назарын аударды. Одан бөлек, Ерлан Әбілфайызұлы ұйымның бейбіт сипаты мен оған мүше елдердің кез келген мәселені сындарлы және саяси жолмен шешуге дайын екенін айтты. Жиында негізінен Украина мен Ауғанстандағы жағдай сөз болды.
Жиын қорытындысы бойынша жасалған мәлімдемелер тізімі мен алдағы жоспар бекітілді. Сыртқы істер министрлерінің келесі отырысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында тағы да Душанбеде өтеді. Басқосу 2015 жылдың күзінде өтеді деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, сыртқы істер министрлері Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қабылдауында болды. ҰҚШҰ-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттері мүше екенін айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: ca-news-org.
• 05 Сәуір, 2015
Қазақстан содырлардың жақындай түскеніне алаңдайды

Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11