05 Сәуір, 2015

Қытайда автобус құзға құлап, 21 адам қаза тапты

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-04-15-china_1

АСТАНА. 5 сәуір. Қытайдың оңтүстік-батыстағы Гуйчжой провинциясында жолаушылар автобусы құзға құлап кетіп, 21 адам опат болды. Бұл туралы «Газета.Ru» хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, тағы 3 адам жарақат алып қалған. «Оқиға кеше кешке орын алды. Таулы жолмен келе жатқан автобус табаннан шығып кетіп, 100 метрлік биіктен төменде ағып жатқан өзенге қарай құлаған», - деп баяндады «Синьхуа» агенттігі. Алдын-ала мәлімет бойынша, бұл таулы жол шағын көлемді көліктерге ғана арналған екен. Құрыш Нұрымбет. Мәнбе: Газета.Ру. Сурет: today.kz.