АСТАНА. 5 сәуір. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 5-туры өтуде. Әзірге бір кездесудің нәтижесі белгілі. Шымкентте өткен оңтүстік дербиінде «Ордабасы» «Таразды» 1:0 есебімен жеңді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойын бірден алаң иелерінің шабуылымен басталды. Тіпті алғашқы минутта-ақ «Ордабасы» бұрыштама добын орындауға мүмкіндік алды. Алайда, тараздықтар қауіптің бетін оңай қайтарды.
Матчтың 7-минутында «Ордабасының» шабуылшысы Еркебұлан Тұңғышбаев қауіпті соққы жасады. Бұл жолы қақпашы Александр Григоренко тосқауыл болды.
Жалпы, бірінші таймда алаң иелерінің басымдығы байқалды. Әсіресе, Еркебұлан Тұңғышбаев пен Бекзат Бейсеновтер белсенділігімен көзге түсті. «Тараз» сапынан Жақып Қожамбердінің ойын өрнегіне жанкүйерлер риза болды.
Кездеcудің екінші бөлігінде шымкенттіктер есеп ашты. Голдың авторы – Еркебұлан Тұңғышбаев (51-минут). Оған нәтижелі пас шығарған Азат Нұрғалиев екенін айта кетейік. Ойын соңына дейін есеп өзгермей, «Ордабасы» маусымдағы үшінші жеңістеріне қол жеткізді.
Әзірге турнир кестесінде 11 ұпаймен Шымкенттің командасы көш бастап келеді. Келесі ойынды «Ордабасы» 11 сәуірде өз алаңында Алматының «Қайратына» қарсы өткізеді. Ал «Тараз» «Астананы қабылдайды».
Дәл қазір тағы екі ойын өтуде. «Жетісу» өз алаңында «Ертіспен» сынға түсуде. Ал Қостанайда «Тобыл» мен «Шахтер» арасындағы ойын өтуде. Әзірге бұл кездесулерде есеп ашылған жоқ. Сонымен қатар, бүгін «Астана» – «Ақтөбе», «Қайсар» – «Атырау» және «Қайрат» – «Оқжетпес» арасындағы ойындарға куә боламыз.
«Ордабасы» (Шымкент) – «Тараз» (Тараз) 1:0 (0:0)
5 сәуір. Шымкент. «Қажымұқан» стадионы.
Төреші: Д.Измайлов (Талдықорған).
«Ордабасы»: С.Бойченко, Р.Абдулин, М.Мұхтаров, А.Симчевич (Б.Қожабаев 84), Г.Сүйімбаев, Б.Бейсенов, И.Божич, А.Нұрғалиев (Қ.Әшірбеков 73), К.Петров, Д.Тәжімбетов (Б.Трайкович 75), Е.Тұңғышбаев.
«Тараз»: А.Григоренко, Д.Башлай (О.Яровенко 78), И.Воротников, Й.Мера, А.Мұхитдинов, М.Нұралы, Е.Аверченко, Й.Голич (С.Жұмаханов 59), Ж.Қожамберді (Т.Досмағамбетов 44), Э.Сергиенко, А.Пищур.
Гол: Е.Тұңғышбаев 51.
Ескертулер: С.Бойченко 65, К.Петров 66, Қ.Әшірбеков 90+2 – Й.Мера 43, А.Мұхитдинов 90+2.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: prosportkz.kz.
• 05 Сәуір, 2015
Футбол. Оңтүстік дербиінде «Ордабасы» басым болды

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше