АСТАНА. 5 сәуір. Футболдан Қазақстан премьер-лигасы аясында өтіп жатқан 5-турдың тағы екі ойыны аяқталды. «Тобыл» өз алаңында «Шахтерды» 4:1 есебімен жеңсе, Талдықорғанда өткен жергілікті «Жетісу» мен «Ертіс» арасындағы кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
«Тобыл» мен «Шахтер» арасындағы ойында алаң иелері айқын басымдық танытты. Матч барысында Қазақстан футболының жарық жұлдызы Нұрбол Жұмасқалиев үш бірдей гол соғып, хет-трик атанды. Бұл – «Тобылдың» маусымдағы алғашқы жеңісі. Әзірге қостанайлықтар турнир кестесінде 5 ұпаймен 8-орында келеді. Ал төрт ойын қатарынан жеңілген «кеншілер» ең соңғы орында. Келесі турда «Тобыл» Атырауға қонаққа барса, «Шахтер» «Жетісуды» қабылдайды.
Талдықорғандағы ойын да аса тартысты өтті. Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Есесіне, кездесудің екінші бөлігінде қарсыластар екі голдан соғып, жанкүйерлерді қуанышқа бөледі. «Ертіс» ойыншылары 0:2 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестіргенін айта кетейік. Екінші голды павлодарлықтар соңғы минутта соқты.
Әзірге қос команданың турнир кестесіндегі жағдайы аса мәз емес. Бес ойыннан 4 ұпай жинаған «Ертіс» 10-орынға табан тіресе, 3 ұпайы бар «Жетісу» 11-сатыға жайғасты.
Талдықорғандықтардың келесі турдағы қарсыласын жоғарыда айттық. Ал «Ертіс» 8 сәуірде 7-турдың ойынын алдын ала өткізеді. Бұл күні олар «Қайратпен» күш сынасады.
Дәл қазір 5-турдың қалған үш ойыны өтуде. «Астана» «Ақтөбені», «Қайсар» «Атырауды» және «Қайрат» «Оқжетпесті» өз алаңдарында қабылдауда. Әзірге бұл кездесулерде есеп ашылған жоқ.
Бұған дейін Шымкентте «Ордабасы» «Таразды» 1:0 есебімен жеңгенін айта кетейік. Аталған ойын туралы мына жерден біле аласыздар.
Тобыл (Қостанай) – «Шахтер» (Қарағанды) 4:1 (0:0)
5 сәуір. Затобольск. «Затоболец» стадионы.
Төреші: Б.Абдуллаев (Қаратау).
«Тобыл»: А.Петухов, Ш.Кучера (А.Әнуар 56), И.Садовничий, Н.Кургулин, Р.Аслан, Н.Шливич, А.Богданов, Т.Симкович, Н.Жұмасқалиев, С.Мошников (О.Красич 33), У.Калу (И.Бугаев 84).
«Шахтер»: И.Шацкий, М.Габышев, А.Дэвид, А.Порываев, А.Джидич, Н.Покривач, Г.Наджарян (Г.Васильев 64), А.Карпович (П.Сасс 67), Я.Вошаглик, Р.Мұртазаев, М.Топчагич.
Голдар: Н.Жұмасқалиев 62, 66, 89, Т.Симкович 84 – Г.Наджарян 59.
Ескертулер: Н.Покривач 44, А.Дэвид 71.
«Жетісу» (Талдықорған) – «Ертіс» (Павлодар) 2:2 (0:0)
5 сәуір. Талдықорған. «Орталық» стадионы.
Төреші: А. Әлиев (Алматы).
«Жетісу»: А.Пасеченко, С.Сағындықов, Д.Эргашев, М.Михайлов, М.Азовский, С.Сариев (М.Мұжықов 88), И.Цветкович, М.Шахметов (Б.Тұрысбек 81), Т.Данилюк, Д.Савич, Д.Деспотович.
«Ертіс»: Д.Лория, П.Әлиев, А.Кислицын, В.Чернышов, А.Самсонов, С.Смақов, Қ.Гетериев, И.Азука, А.Гатагов, Г.Сартаков (А.Сүлей 81), А.Бансе.
Голдар: Д.Деспотович 58, Д.Савич 67 – И.Азука 75, П.Әлиев 90.
Ескерту: П.Әлиев 35.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: fc-tobol.kz.
• 05 Сәуір, 2015
Футбол. «Тобыл» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:23
Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жамбылдық полицейлер құстарға ұя салып берді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11