05 Сәуір, 2015

Футбол. Қазақстан чемпионатында екі команда көш бастады

284 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
05-04-2015-tobyl 02АСТАНА. 5 сәуір. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 5-турының ойындары ойналды. Барлық 6 кездесудің үшеуінде жеңімпаз анықталып, қалған үш матч тең аяқталды. Екі кездесуде есеп ашылған жоқ. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Турдың басты бәсекесі Астанада өтті. Өз алаңында «Ақтөбені» қабылдаған «Астана» чемпионаттағы негізгі қарсыласымен ұпай бөлісті (0:0). Бұл - елордалықтар үшін маусымдағы екінші тең ойын. Ал «Ақтөбе» осымен төртінші кездесуді тең аяқтап отыр. Алматыда өткен «Қайрат» пен «Оқжетпес» арасындағы ойын да жанкүйерлердің ерекше назарын аударды. Себебі, соңғы үш ойында қатарынан жеңіске жеткен «Оқжетпестің» қарқыны көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Дегенмен, бұл жолы көкшетаулықтардың тәжірибелі «Қайратқа» шамасы жетпеді. Кезінде Ресей футболын өрге сүйреген Дмитрий Сычев та «Оқжетпестің» ойынына серпін бере алмады. Нәтижесінде, команданың бас жаттықтырушысы Владимир Муханов 53-минутта Сычевті алмастырып, орнына өзге ойыншыны шығарды. Қонақтар қанша тырысқанымен, алаң иелері ойын тізгінін уыстарынан шығарған жоқ. Әр таймда екі голдан соққан Владимир Вайсстың шәкірттері ірі есеппен жеңіске жетті (4:0). Өз алаңында «Атырауды» қабылдаған «Қайсар» қарсыласымен ұпай бөлісті (0:0). Әзірге қос команда турнир кестесінің бел ортасында келеді. Бұған дейін Шымкентте «Ордабасы» «Таразды» 1:0 есебімен жеңгенін айта кетейік. Сондай-ақ, «Тобыл» өз алаңында «Шахтердан» 4:1 есебімен басым түссе, «Жетісу» мен «Ертіс» арасындағы кездесуде тең нәтиже тіркелді (2:2).   «Ордабасы» (Шымкент) – «Тараз» (Тараз) 1:0 (0:0) 5 сәуір. Шымкент. «Қажымұқан» стадионы. Төреші: Д.Измайлов (Талдықорған). «Ордабасы»: С.Бойченко, Р.Абдулин, М.Мұхтаров, А.Симчевич (Б.Қожабаев 84), Г.Сүйімбаев, Б.Бейсенов, И.Божич, А.Нұрғалиев (Қ.Әшірбеков 73), К.Петров, Д.Тәжімбетов (Б.Трайкович 75), Е.Тұңғышбаев. «Тараз»: А.Григоренко, Д.Башлай (О.Яровенко 78), И.Воротников, Й.Мера, А.Мұхитдинов, М.Нұралы, Е.Аверченко, Й.Голич (С.Жұмаханов 59), Ж.Қожамберді (Т.Досмағамбетов 44), Э.Сергиенко, А.Пищур. Гол: Е.Тұңғышбаев 51. Ескертулер: С.Бойченко 65, К.Петров 66, Қ.Әшірбеков 90+2 – Й.Мера 43, А.Мұхитдинов 90+2.   Тобыл (Қостанай) – «Шахтер» (Қарағанды) 4:1 (0:0) 5 сәуір. Затобольск. «Затоболец» стадионы. Төреші: Б.Абдуллаев (Қаратау). «Тобыл»: А.Петухов, Ш.Кучера (А.Әнуар 56), И.Садовничий, Н.Кургулин, Р.Аслан, Н.Шливич, А.Богданов, Т.Симкович, Н.Жұмасқалиев, С.Мошников (О.Красич 33), У.Калу (И.Бугаев 84). «Шахтер»: И.Шацкий, М.Габышев, А.Дэвид, А.Порываев, А.Джидич, Н.Покривач, Г.Наджарян (Г.Васильев 64), А.Карпович (П.Сасс 67), Я.Вошаглик, Р.Мұртазаев, М.Топчагич. Голдар: Н.Жұмасқалиев 62, 66, 89, Т.Симкович 84 – Г.Наджарян 59. Ескертулер: Н.Покривач 44, А.Дэвид 71.   «Жетісу» (Талдықорған) – «Ертіс» (Павлодар) 2:2 (0:0) 5 сәуір. Талдықорған. «Орталық» стадионы. Төреші: А. Әлиев (Алматы). «Жетісу»: А.Пасеченко, С.Сағындықов, Д.Эргашев, М.Михайлов, М.Азовский, С.Сариев (М.Мұжықов 88), И.Цветкович, М.Шахметов (Б.Тұрысбек 81), Т.Данилюк, Д.Савич, Д.Деспотович. «Ертіс»: Д.Лория, П.Әлиев, А.Кислицын, В.Чернышов, А.Самсонов, С.Смақов, Қ.Гетериев, И.Азука, А.Гатагов, Г.Сартаков (А.Сүлей 81), А.Бансе. Голдар: Д.Деспотович 58, Д.Савич 67 – И.Азука 75, П.Әлиев 90. Ескерту: П.Әлиев 35.   «Астана» (Астана) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 0:0 5 сәуір. Астана. «Астана-Арена» стадионы. 3 000 көрермен. Төреші: И.Чесноков (Өскемен). «Астана»: Н. Эрич, Е.Постников, А.Бейсебеков, Д.Шомко, М.Аничич, Ұ.Қонысбаев (А.Щеткин 55), Г.Жуков, Ф.Кетевоама, Р.Каньяс, Н.Максимович, П.Твумаси. «Ақтөбе»: С.Покатилов, Д.Аделейе, В.Коробкин, А.Жулпа, Д.Мирошниченко, М.Хайруллин, Д.Неко (Д.Жалмұқан 74), А.Тағыберген, И.Логвиненко (П.Шабалин 46), А.Сантана, А.Айымбетов (А.Вольф 84). Ескертулер: Ұ.Қонысбаев 41, Е.Постников 49, Ф.Кетевоама 57, Р.Каньяс 72 – А.Жулпа 39, М.Хайруллин 45+1, П.Шабалин 90+3.   «Қайсар» (Қызылорда) – «Атырау» (Атырау) 0:0 5 сәуір. Қызылорда. «Ғ.Мұратбаев» стадионы. Төреші: А.Гаузер (Петропавл). «Қайсар»: К.Прядкин, А.Балтаев, М.Кляйн, Д.Цой, Д.Нәрзілдаев, В.Нехтий, Р.Розыбақиев, С.Скорых, К.Шестаков, И.Пирошка, Э.Юнузович. «Атырау»: И.Нәрзіқұлов, А.Григорьев, В.Кузьмин, М.Одибе, А.Чичулин, В.Аржанов, М.Байжанов, А.Маров, Д.Пархачев, Г.Эссаме, М.Трифунович.   Қайрат (Алматы) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 4:0 (2:0) 5 сәуір. Алматы «Орталық» стадионы. 8 000 көрермен. Төреші: И.Алешин (Павлодар). «Қайрат»: В.Плотников, Е.Қуантаев (А.Дарабаев 61), Т.Рудосельский, З.Маркович, З.Плиев, М.Гурман, М.Бақаев, Б.Исламхан (С.Рикардо 77), Исаэль, С.Риера, Ж.Гоу (С.Лунин 85). «Оқжетпес»: А.Цирин, Е.Нұржанов (Д.Нөкебай 75), А.Марочкин, Н.Хохлов, В.Волков (М.Смейкал 55), А.Павлов, Д.Сычев (Л.Роткович 53), М.Төлиев, А.Чижов, Ә.Бөлешев, Д.Чертов. Голдар: Ж.Гоу 41, Исаэль 45, 76, С.Риера 50. Ескертулер: М.Бақаев 70 – Ә.Бөлешев 70. 05-04-2015-kpl 5-tur 01 Үздік мергендер:
  1. Жерар Гоу («Қайрат») – 5 гол;
  2. Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл»), Мақсат Байжанов («Атырау»), Рохер Каньяс («Астана») – 3 гол.
6-тур ойындары 11 сәуірде өтеді. Онда мына командалар кездеседі: «Ордабасы» – «Қайрат»; «Тараз» – «Астана»; «Ақтөбе» – «Қайсар»; «Атырау» – «Тобыл»; «Шахтер» – «Жетісу»; «Ертіс» – «Оқжетпес». Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: kpfl.kz.