05 Сәуір, 2015

Шортанды көгінде түсініксіз қара шеңбер қалықтап тұрды (видео)

378 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

05-04-15-shortandy-1

АСТАНА. 5 сәуір. Ақмола облысы Шортанды кентінің аспанында 15 минут шамасында қара шеберге қатты ұқсайтын жұмбақ бір бұлт қалықтап тұрып, тарап кеткен. Бұл туралы KokshetauAsia порталы хабарлады. Жергілікті тұрғындардың айтуларынша, үйлердің төбесінде қалықтап тұрған «қызық» бұлт қара шеңбер тәріздес болған. Ол 3 сәуір күні сағат күндізгі 4-тің кезінде көрінген. Ауыл тұрғындарының қызығушылығы мен қорқынышын қатар туғызған бұл біраздан кейін ақырын тарқап кеткен. Одан ешқандай бөтен иіс білінбеген. Осыдан кейін жергілікті журналистер Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік университеті физика кафедрасының меңгерушісі Андрей Солодовниковке хабарласып, мұның мән-жайын айтып беруді сұраған. Доцент мұның бірнеше болжамын алға тартқан. Оның біріншісі, мұндай құбылыс Жер атмосферасына ғарыш денелерінің басып кіруінен пайда болуы әбден мүмкін. Бірақ бұл жағдайда шеңбер едәуір биікте тұруы керек еді. Сондықтан бұл варианттың шындыққа жақындығы аздау. Екіншісі, құбылыс антропогенді табиғаттың әсері болуы ықтимал. Онда оның қайнар көзі жердің өзінде болады. «Метеорологияда бұрыннан белгілі солитон деген құбылыс бар, - деді физик бұдан әрі. – Ол аспанда ұзақ уақыт айналып тұратын құйын түрінде көрінеді. Оларды жасанды жолмен де жасауға болады. Мәселен, америкалық ғалымдар тәжірибе арқылы тіпті жолындағы заттарды өзін аударып кете беретін түтін тектес шеңбер жасап шығарған болатын». Оның айтуынша, мұндай солитонды жасау үшін үлкен диаметрлі цилиндрден жанып жатқан заттың сыртқа залппен шығару керек. Солодовниковтің есептеп көруі бойынша, Шортанды үстіндегі шеңбердің диаметрі кем дегенде 100 метр болған және жерден 200 метрден бір километрге дейінгі аралықтағы аспан көгінде қалықтап тұрған. «Оның сұр түтін секілденіп тарқап кеткені көрініп тұр. Демек, шеңбер көміртегі күйесінен құралған. Шеңберден жерге қарай тартылған іздің бары да байқалды. Сондықтан оны жерде жанған нәрсенің өнімі деп есептеуімізге толық негіз бар». Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: KokshetauAsia. https://youtu.be/IfYeeVRlGcc