05 Сәуір, 2015

Австралия триосы YouTube жұлдызына айналып тұр (видео)

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-04-15-trio_avstralia-3

Австралияның SketchSHE атты қыздар триосы көктемнің алғашқы екі айының ішінде YouTube желісінің нағыз жұлдызына айналып тұр. Ол осы уақыттарда Ресей «Серебро» атты танымал триосының ізімен түсірілген екі клипін көрермен назарына ұсынып еді, заматында жұрт жапппай көретін роликке айналды. Онда үш сексуалды (sexual) бойжеткен жоғарыда айтылған орыс қыздары секілді өз хитін автомобиль салонында отырып орындайды. Поппури әдісімен жазылған бұл клипте қазіргі заманғы ғана емес, сонымен қатар XX ғасырдың ортасы мен екінші жартысындағы әуендер де бар. Наурыз айының басында таратылған ohemian Carsody атты клипін 19 млн. адам көріп шықты. https://youtu.be/PMpQUsQcJFg Ал сәуір айының басында топ Mime Through Time деп аталатын тағы бір туындысын көрерменге ұсынды. Алғашқы екі күннің ішінде-ақ оны 7 млн. адам тамашалап үлгерді. https://youtu.be/aVx6cXf5Liw Топ мүшелері: 28 жастағы Шая-Ли Шэклфорд (Shai Lee Sheklford ), 25-тегі Лана Кингтон (Lana Kington) және 27-дегі Мэдисон Ллойд (Madison Lloyd) 3,5 минуттың ішінде бірнеше танымал әндерді шырқап шығады. Мәнбе: Город-55 Фото, видео: instagram.com/sketchshe.