05 Сәуір, 2015

Түркияда «Фенербахче» командасы отырған автобус атқыланды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-04-15-fenerbahche-1

АСТАНА. 5 сәуір. Түркияның солтүстік-батыс қапталындағы автожолда белгісіз біреулер «Фенербахче» футбол командасының  ойыншыларын (суретте: ақшыл жейделі) алып бара жатқан автобусқа қарулы шабуыл жасады. Бұл туралы жексенбі, 5 сәуір күні түріктің Sabah басылымының дерегіне сүйенген Lenta.Ru хабарлады. Инцидент сенбі күні Риза провинциясында орын алған. Ыстамбұл клубы сол кезде Трабзон қаласының аэропортына бара жатқан. Мұның алдында Трабзонда Түркия чемпионаты жоғары лигасының шеңберінде жергілікті «Трабзонспор» командасы «Фенербахчені» қабылдап, 1:5 есебімен ойсырай ұтылып қалған. Атыстың салдарынан көліктің жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, футболшылар арасында зардап шеккендер жоқ. «Фенербахче» клубы – 1899 жылы құрылған елдегі ең байырғы командалардың бірі. Соңғы кездері команда сәтсіздік шырмауынан шыға алмай келеді. 2012 жылы келісіп өткізген матчтары айғақталып қалғаннан кейін ол Чемпиондар лигасынан шығарылып тасталды. Тіпті оны төменгі лигаға түсіріп тастау туралы да бастама көтерілді. Бірақ елдің футбол федерациясы бұған барған жоқ. Дамир Қожамқұл. Мәнбе, сурет: Lenta.Ru.