05 Сәуір, 2015

Модельердің мысығы қалай 3 млн. еуро табыс тапты?

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-04-15-koshka-1

АСТАНА. 5 сәуір. Британияның барлық газеттері екі күннен бері модельер Карл Лагерфельдтің Шупетт атты сиам тұқымдас мысығының бас айналатындай мол ақшадан кіріс кіргізгенін жарыса жазысып жатыр. Бұл туралы Lenta.Ru хабарлады. Independent атап өткендей, өткен жылы Шупетт екі жарнама компаниясынан 3 млн еуродан артық ақша түсірген. Бұл – әлемдегі көптеген сән модельдері табатын қаржыдан да едәуір көп. Басылымның мәліметі бойынша, Шупетті жапонның Shu Uemura атты косметика компаниясы айрықша қатты жарылқаған. Бұдан басқа, мысыққа Vauxhall Corsa автомобиль компаниясын насихаттайтын күнтізбедегі фотосессиясы үшін айтарлықтай қомақты ақша төленген. Independent интернетте Ашулы Мысық (тағы бір аты - Бұрқылдақ Мысық) атымен танымал тағы бір мысықтың өз қожайнына жылына 100 млн. доллар келтіріп тұратынын да атап өтеді. Бірақ Chanel-дің креативті директоры болып табылатын Лагерфельд үшін бұл өлшем емес. «Мен мысықтың барлық тамағын жарнамалай беруге рұқсат етпеймін», - деп түсіндіреді 81 жастағы дизайнер. «Шупетт Metiers d’Art компаниясы жаңа коллекциясының Нью-Йоркте өткен тұсаукесеріне Лагерфельдпен бірге барды. Оған Mercer отелінде жеке нөмір беріліп, қасына күтуші қойылды», - деп атап өтеді Independent. Мысық дизайнердің шығармашылық шабытының қайнар көзі ретінде қызмет көрсетеді. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: Lenta.Ru.