АСТАНА. 5 сәуір. АҚШ Йемен президенті Абд Раббу Мансур Хади мен Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің әрекеттерін әртүрлі бағалайды. Бұл туралы rosbalt.ru хабарлады.
Айта кетейік, Йемен президенті хуситтер көтерілісінен кейін елді тастап шыққан болатын. Кезінде Янукович те Майдандағы жағдайдан кейін Украинадан кетіп қалғаны белгілі. АҚШ бұл екі жайттың айырмашылығы барын айтты.
«Мен Хадидің жағдайында «елден қашып кетті» деген сөзді қолданбас едім. Өйткені, оны қарулы хуситтердің әрекеті елден кетуге мәжбүр етті. Хуситтер бүгінде елдің біраз аумағы мен астанасы – Сананың көп бөлігін басып алды», – дейді АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Мари Харф.
Сондай-ақ, ол Украинаның экс-президентіне қатысты: «Виктор Янукович елден кеткен кезде Киевтің көп бөлігі Санадағыдай қарулы топтың бақылауында болған жоқ. Сондықтан ол мүлдем басқа жағдай», – деді.
Осыған дейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың екіжақты стандартына қатысты сыни пікір білдірген болатын. Бұл жөнінде ол: «Өз елін тастап кеткен Йемен президентін АҚШ қолдап отыр. Ал дәл солай Украинадан кетіп қалған Януковичтің әрекетіне олар қарсылық білдірген еді», – деп Американың бұл әрекетін айыптаған еді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: rosbalt.ru.
Сурет: ruposters.ru.
• 05 Сәуір, 2015
АҚШ Йемен президенті мен Януковичтің айырмашылығын түсіндірді

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше