Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығының көкейкесті мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Оның жұмысына Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Мусин, Президенттің көмекшісі Б.Сұлтанов және Ауыл шаруашылығы министрі А.Күрішбаев қатысты.
А.Күрішбаев Президент алдында биылғы егін орағын өткізуге дайындықтың барысы туралы есеп беріп, сонымен бірге Мемлекет басшысына елдің аграрлық секторының неғұрлым көкейкесті деген мәселелері туралы хабарлады. Биыл Қазақстанда 14-15 млн. тонна көлемінде астық алынады деп күтілуде, ол республиканың ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтын болады. Бүгінгі күні күздік және жаздық дақылдарды қоса алғанда егістік көлемі 16,7 млн. гектарды құрайды. Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында егін орағы басталып та кетті. 2 тамызға дейін 450 мың гектардың егіні орылды. Қазақстан бойынша орташа түсім тазадай салмақта алғанда гектарына 9,4 центнерді құрайды.
Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін егін орағы жұмыстарына 408 мың тонна дизель отыны дайындалды, сонымен бірге операторлардың қызметін қоса алғанда дизель отынының түпкі бағасы 1 литр үшін 62 теңге мөлшерінде белгіленді. Астық қабылдау кәсіпорындарын дайындау жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Осы кәсіпорындардағы артық астық проблемаларын шешу мақсатында, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясы шеңберінде солтүстік және шығыс өңірлеріндегі астығы көп қоймалардағы 400 мың тонна астықты өзге облыстардың элеваторларына ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Егін ору техникаларының 90 пайызға жуығы дайындық жағдайында тұр. Республикалық бюджеттен бөлінген 80 млрд. теңге несие есебінен “ҚазАгро” еншілес ұйымы арқылы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер 42,5 млрд. теңгеге қаржыландырылды. Көктемгі дала және егін ору жұмыстарын мемлекеттік қаржыландырудың жалпы сомасы 96 млрд. теңгеден астамды құрайтын болады.
Кеңес барысында Президент егін орағы науқанының проблемалы мәселелеріне айрықша назар аударды. Шілде айының соңына қарасты бүтіндей алғанда еліміз бойынша 13,9 млн. гектар немесе дәнді дақылдардың 83,1 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болды. Құрғақшылықтың және күннің тым ысып кетуі салдарынан дәнді дақылдардың бір бөлігі зардап шекті, ондай жағдай негізінен Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орын алды. Осы орайда Мемлекет басшысы ылғал сақтаушы технологияларды қолданып, себуге сапалы тұқымды пайдаланған, агротехникалық шараларды уақытында жүргізген, дәнді дер кезінде сіңіріп, өнімді уақытылы жинай білген шаруашылықтардың жағдайларының жақсы болғанын атап көрсетті.
– Егін орағы барлық жерлерде де ерте басталады. Өйткені егін жедел пісуде. Сондықтан ертерек дайындалу қажет. Техникамен және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету керек. Бұл барлық облыстарға да қатысты. Бұл барлық әкімдер мен бүкіл ауылшаруашылық тауарларын өңдірушілердің міндеті болуға тиіс. Мемлекет бірінші кезекте өздігінен жұмыс істеп жатқандарға көмектесетін болады, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
Ағымдағы қиыншылықтарға қарамастан, 2010-2011 маркетингтік жылы экспорттық әлеует 8 млн. тоннаны құрайтын болады. Қалыптасқан жағдай қазақстандық ұн тартушылардың шетелдік рыноктарды жаулап алуы үшін тамаша мүмкіндік бола алады. Осыған байланысты Президент Үкіметке астық және одан өңделген өнімдер экспортының жалпы көлеміндегі ұн экспортының үлесін ұлғайту жөнінен шаралар қабылдау туралы тапсырма берді.
Кеңес қорытындысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке нан мен ұнның ішкі бағаларының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, рыноктағы бағаның қауырт өсіп кетуіне жол бермеуді тапсырды. Оның сыртында Мемлекет басшысы құрғақшылықтан неғұрлым көп зардап шеккен өңірлердегі ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің қаржылық жағдайларына талдау жасап, оларға қолдау көрсету жөнінен шаралар қабылдау, мал шаруашылықтарын жемдік астықпен жабдықтау, сол сияқты жем-шөп дайындау жұмыстары үшін жанар-жағармайдың жеткізілуіне бақылау жасап, келесі жылғы тұқым себу маусымын тұқым қорымен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ел тұрғындарының орташа айлығы 120 мың теңгеден аспайды
Экономика • Бүгін, 17:59
Мемлекеттік мекеме басшыларына кәсіпкерлікпен айналысуға бола ма?
Оқиға • Бүгін, 17:57
«Аватар. От пен күл» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
Кино • Бүгін, 17:51
187 сирек құжат: тарихымыздың қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 17:40
Еуроодақ Украинаға 90 млрд еуро аударады
Саясат • Бүгін, 17:35
2025 жылы ел өмірінде қандай өзгерістер болды?
Қоғам • Бүгін, 17:30
Жоғары білімді адамдардың көбеюі ұлттық жинақ деңгейін төмендете ме?
Экономика • Бүгін, 17:25
Оқушыға мамандық таңдауға көмектесетін бот пайда болды
Білім • Бүгін, 17:10
Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:06
Бүгін елордада дрондар шоуы өтпейтін болды
Оқиға • Бүгін, 16:50
ІІМ жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын ауыстыру туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 16:42
Мектептерде сынып ішіне бақылау камерасын қоюға рұқсат етіле ме?
Білім • Бүгін, 16:33
Шымкент тұрғыны заңсыз газдалған сусын өндіріп сатқан
Оқиға • Бүгін, 16:24
АҚШ Грин-картадан неге бас тартты?
Әлем • Бүгін, 16:20