4 тамызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Хишам Зараамен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Премьер-Министр дипломатиялық миссиясының мерзімі аяқталып келе жатқан елшіге екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде Х.Зараа екі жақты қарым-қатынастарды дамыту ісінде көрсеткен көмегі үшін Қазақстан басшылығына өзінің ризашылық сезімін жеткізді.
Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы қызметтестіктің одан әрі де ырғақты дами беретініне өздерінің сенімді екендіктерін білдірді.