07 Тамыз, 2010

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

585 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Алматы  2010 жылғы 5 тамыз “Ғарыш” монеталар сериясынан “Луноход – 1”, “Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары” монеталар сериясынан “Отау көтеру” ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылғы 5 тамызда “Ғарыш” монеталар сериясынан биколорлы “proоf” сапасымен жасалған номиналы 500 теңгелік және нейзильбер қоспасынан жасалған номиналы 50 теңгелік “Луноход-1”, “Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары” монеталар сериясынан күмістен “proоf” сапасымен жасалған номиналы 500 тең­гелік және нейзильбер қоспасынан жасалған номиналы 50 тең­гелік “Отау көтеру” ескерткіш монеталарын айналысқа шы­ғарады. “Луноход-1” монетасының сипаттамасы: Нейзильбер қос­па­сынан және биколорлы екі монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бей-нелері бір. “Рroоf” сапалы биколорлы монетадағы бейне жалтыратып салын-ған. Биколорлы (құрамдас) монета ортасында сақина мен дискі орналасқан шеңбер түрінде. Моне-таның ішкі дискі танталдан, сыртқы сақина күмістен жасалған. Монетаның бет жа­ғында (аверсінде) ортада адамзат пен жаһанның бірлігін, өткен мен бү­гінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жағында монетаның номиналы (биколорлы монетада “500 ТЕҢГЕ”, нейзильбер қоспасынан жасалған монетада “50 ТЕҢГЕ”) бар. Номиналдың астында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар (биколорлы монетада екі қатар етіп жазылған, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін “Ag 925 14.6 gr. Ta 26.8 gr.” деген жазу бар). Монетаны айналдыра мемлекеттік тілде “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ” және ағылшын тілінде “NATІONAL BANK OF KAZAKHSTAN” деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында жұлдызды аспанның және Жер планетасының аясында ай бетінің ерекшеліктерін зерттеу жөніндегі бағдарламаны орындау барысындағы алғашқы ай бетінде өздігінен жүретін аппарат (планетоход) – Луноход-1 бейнеленген. Төменгі жағында планетоходтың Айдың бетіне жеткізілген жылын және монетаның соғылған жылын білдіретін “1970-2010” деген сандар бар. Айналдыра мемлекеттік тілде “ЛУНОХОД-1” деген жазу және ағылшын тілінде “LUNOKHOD-1” деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген. Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Ескерткіш монеталар: 1) биколорлы етіп жасалған, сақина – сынамы 925/1000, массасы 14,6 грамм күмістен, диск – массасы 26,8 грамм танталдан, диаметрі - 38,61 мм., “proof” сапасымен дайындалған, таралымы – 4 мың дана. Қыры (гурты) бедерлі; 2) ақ түсті нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм., массасы – 11,17 грамм, таралымы – 50 мың дана. Қыры (гурты) бедерлі. “Отау көтеру” ескерткіш монеталарының сипаттамасы: Екі монетаның да бет және сырт жағындағы бейнелері бір. “Рroof” сапалы күміс монетадағы бейне жалтыратып салынған. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында сан (күміс монетада “500”, нейзильбер қоспасынан жасалған мо­нетада “50”) және монетаның номиналын білдіретін “ТЕҢГЕ” деген жазу бар. Жоғарғы жағында Еуразия эко­но­ми­калық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою элементі жалтыратып салынған. Айналдыра мем­лекеттік тілде “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ” және орыс тілінде “РЕСПУБЛИКА КАЗАХ­СТАН” деген жазу бар. Жазу­лар нүктелермен бөлінген. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) жаңа отбасының бақыты үшін жаңа отауды – киіз үйді тігу кезіндегі шаңырақты (киіз үйдің төбесін) көтеру кезі бейнеленген. Жоғарғы жағында айналдыра мемлекеттік тілде “ОТАУ КӨТЕРУ” (жаңа отбасын, жаңа ошақ құруды, үйленуді білдіреді) деген жазу және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Төменгі жағында соғылған жылын білдіретін “2010” деген сан (күмістен жасалған монетаның оң жағында оған қоса дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін “Ag 925 31,1gr.” деген жазу) бар. Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Ескерткіш монеталар: 1) сынамы 925 күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, “proof” сапасымен дайындалған, таралымы – 5 мың дана, қыры (гурты) бедерлі; 2) ақ түсті нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 50 мың дана, қыры (гурты) бедерлі. Номиналы 500 теңгелік және 50 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсіндірмесі “Ғарыш” сериясынан “Луноход-1” ескерткіш монеталары – ғарышты зерттеу және жаһанның тылсым құпияларын ашу тарихындағы айтулы оқиғаларға арналған серияны жалғастыратын күмістен/танталдан жасалған монеталардың және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бесінші жұбы. “Луноход-1” – ай бетінде өздігінен жүретін алғашқы аппарат (планетоход). Оны Ай бетіне кеңестік планетаралық Луна-17 станциясы 1970 жылы 17 қарашада жеткізіп, сол жерде ол 1971 жылғы 4 қазанға дейін жұмыс істеді. Ол Ай бетінің, Айдағы ра­дио­активті және рентгендік ғарыш сәулесінің ерекшеліктерін, химиялық құрамын және топырағының қасиетін зерттеуге арналған болатын. Бағдарламаны орындағаннан кейін луноход Айда бастапқыда есептелген ресурсынан үш есе артық жұмыс істеді. Ай бетінде болған кезінде “Луноход-1” 10 540 м. жүріп, Жерге 211 ай беті бейнелері мен 25 мың сурет жіберді. Қозғалыс жолымен жүрген 500-ден астам нүктеде топырақ бетінің физикалық-механикалық қа­сиеттері, ал 25 нүктеде оның химиялық құрамына талдау жүрөгізілді. Ескерткіш биколорлы (құрамдас) монета аэроғарыш өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылатын металл – танталды пайдалана отырып жасалды. Тантал сирек кездесетін металдарға жатады. Түсі – көк реңкті сұр-болат түстес. Бірнеше бағалы қасиеттері бар – жақсы иіледі, мықты, қиын балқиды. Ұзақ уақыт сақтағанда қараймайды, даттануға қарсы тұру қасиеті жоғары, аггресивті орталардың ғана емес, тіпті кейбір қышқылдардың әсеріне де ұшырамайды. Осындай биологиялық жағынан үйлесімді бірегей қасиеттерінің арқасында оның адам ағзасына зияны жоқ. “Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары” сериясынан “Отау көтеру” ескерткіш монеталары Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен ұлттық мәдениетін кеңінен тануды насихаттайтын серияны жалғастыратын, күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бесінші жұбы болып табылады. Күмістен жасалған монета Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің қымбат металдарынан монеталар шығарудың және сатудың халықаралық бағдарламасы шеңберінде де шығарылуда. Қазақ халқында “отау көтеру” деген ұғым бар, бұл жаңа отбасын, жаңа ошақ құруды, үйленуді білдіреді. Жаңа отау жаңа бас қосқан отбасына бақыт әкелуі тиіс. Киіз үйдің ішін безендіріп, барынша жайлы етуге тырысқан. Мұндайда туған-туыстар мен көршілер атсалысқан. Киіз үйдің шаңырағын (киіз үйдің төбесін) қадірлі ел ағасы көтеретін болған. Ескерткіш монеталарды “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы” шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген. “Proof” сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Ескерткіш монеталардың бір мың данасы сату үшін арнайы пластикалық термовакуумды ораумен шығарылған. Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады. Алматы қаласында мына мекенжай бойынша: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны: (727) 273-83-98.