07 Тамыз, 2010

Локомотив депосында болды

602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугланд Астана қаласындағы локомотив депосында болды. Онда елші депо жұмысымен қатар, қазақстандықтардың темір жол саласын дамытудағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық жоспарымен де танысты, деп хабарлады АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі. 2006 жылдың қыркүйегінде ҚТЖ (Қазақстан Темір Жолы) компаниясы GE-ге құны 650 миллион доллар болатын Evolutіon сериялы 310 локомотивке тапсы­рыс берген болатын. Пенсильва­ния­ның Эри қаласындағы GE Transporatіon зауытында құрасты­рыл­ған 10 локомотив ТМД-да ди­зельді-электрлі локомотивтердің тұңғышы болып табылады. Ал Астанадағы JSC локомотив депосы қалған 300 локомотивті құрастыру үшін АҚШ-та шығарылған бөл­шек­терді пайдаланбақ. Толық қуа­тына көшкен қазақстандық кәсіп­орын 600 адамды жұмысқа тарту арқылы жылына 100 локомотив жинайтын болады. 2009 жылы жел­тоқсанда GE қазақстандық кә­сіпорында құрастырылған Evolu­tі­on сериялы локомотивтердің ал­ғашқы партиясын шығаруды қолға алды. Үстіміздегі жылдың сәуір айын­да ҚТЖ мен GE компа­ниясы депода пайдаланатын маневрлік 150 локомотивті Қа­зақстанда құрастыру туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойған еді. Осыған орай ҚТЖ Астанадағы зауытта 2015 жылдан бастап қо­сым­ша маневр­лі локомотивтерді құрастыратын болады.