Кеше Астанаға екі күндік сапармен Жапонияның Сыртқы істер министрі Кацуя Окада келді. Сапардың алғашқы күні К. Окада Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесті.
Басқосу кезінде тараптар екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық байланыстарды әңгіме өзегіне айналдырды. Кездесу кезінде Қанат Саудабаев Нагасаки қаласына алғашқы атом бомбасы тасталғанына 65 жыл толып отырғанын, қазақ жері де мұндай қасіреттен айналып өтпегенін, қазақ баласы аталған зұлматтың зардабын 40 жыл бойы басынан өткергенін тілге тиек етті.
“Жапония бірінші күннен бастап Қазақстанға үлкен қолдау көрсетіп, ядролық сынақтан зардап шеккен жандарға көмек қолын созып келеді. Бүгінде Қазақстан әлемді ядролық қарудан азат ету бағытында үлкен бастамалар көтеруде. Бұл ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 29 тамыздың “Дүниежүзілік ядролық қарудан бас тарту күні” деп жарияланғанын айтсақ та жеткілікті. Ал ядролық қарудан бас тарту – бұл Қазақстан мен Жапонияның ортақ ұстанымы. Бұл ретте сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Жапония арасындағы әріптестікті одан әрі дамытуға жол ашады деп ойлаймыз”, деді Қанат Саудабаев өз сөзінде.
Ал Жапония Сыртқы істер министрі Кацуя Окада Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың 1945 жылғы 9 тамызда Нагасаки қаласында орын алған зұлматты, жапон халқының басынан кешкен қасіретін еске алып отырғаны үшін ризашылығын жеткізді. “Осы орайда біз өзіміздің барлық күш-жігерімізді ядролық қаруға қарсы күрес жүргізуге жұмсауымыз қажет”, деді К. Окада өз кезегінде.
Сондай-ақ, К. Окада 15 жыл бұрын Қазақстанға Жапония Парламентінің депутаты болып жүрген кезінде еліміздің сол кездегі астанасы – Алматыға келгендігін, биыл қазақ жеріне екінші рет жолы түсіп отырғанын жеткізді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 22:34
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:41
Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:44
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Олимпиада • Бүгін, 19:35
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Ғылыми қауымдастық «Халықтық Конституция үшін» коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:37
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35