10 Тамыз, 2010

Қаржыға қан жүгірткен

572 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
“Өз қолымнан келмеген нәрселерді маған артудың қажеті жоқ. Президент Әкімшілігінің аппараты, Үкімет және Президент жанындағы Жоғарғы эконо­­мика­лық кеңес сынды серпінді жүйелер ел болашағының тұрақты әрі қарқынды дамуына даңғыл жол салып бергені ақиқат. Ең бастысы, ел Президентінің қызметі мен оның Қазақстан азаматтарының тағдырына деген жауапкершіліктен туындаған ерлігі, сонымен қатар либералды экономика құрылымын­дағы таңдап алынған дұрыс бағыт­тың біз үшін маңызы айтарлықтай орасан зор”, ­–деп осылайша еліміздегі либералды, нарықтық экономика құрылымында өзінің міндеті туралы Дәулет Сембаев берген бір сұхбатында сыр ағытады. Тұлғаны қалыптастыратын адам­ның аты-жөні ғой. Егер қазір “Дәулет Сембаев” деп қана бірауыз сөз айтсақ, кез келген адам: “Сембаев – Қазақстан қаржы жүйесінің негізін салушы” – деп айтары анық. Әрине, мұндай жағдайда Дәулет Хамитұлы жо­ғарыда келтірген сұхбат үзін­дісінде келтіргендей “Жалғыз мен емес­пін” деп міндетті түрде сөйлемді түзетеді. Алайда қиын-қыстау кезеңі болып саналатын 1993 - 1996 жылдардағы Сембаевтың Ұлттық банкке басшылық еткен кездерін­дегі және еліміздің барлық қаржы секторының дамуына қосқан сүбелі үлесін ешкім де ұмытпайды. Өйт­кені бұл – “тасқа қашалып” немесе санаға әбден сіңіп кеткен, дәлелдеуді қажетсінбейтін тарихи шындық. Бұл тұлғаның есімі ел тәуелсіздігінің қалыптасу жолын­дағы тарихта алтын әріппен жазы­лып қалары анық. Парасат-пайымы мол, еңбексүйгіш айтулы азамат бүгін біздің ортамызда. Өзінің 75 жылдық мерейтойының қуаны­шымен көпшілікті қуантып отыр. 75 жас – көп адам үшін атақ пен даңқ, абырой мен беделдің қызығын көретін жас. Бірақ, бұл Сембаевтың табиғатына жат нәрсе. Күні бүгінге дейін Дәулет Сембаев өзінің қажыры мен қайратын еліміздегі ең ірі банктердің бірі болып есептелінетін Қазкомның топ-менеджері қызметіне арнап келеді. Д.Сембаевты “бұрынғы қаржыгер” немесе “зейнеткер” деп айтуға ешкімнің тілі батпас. Өйт­кені өзінің жасына қарамастан, бұл адам өзінің күш-қайратын қоғам­ның дамуына арнап келеді. Қара­пайым ғана бір мысал келтірсек, бірнеше жыл бұрын “Эксклюзив” деген журнал нарықтық қаржы жүйесінде әлдеқайда көп беделге ие болған банк секторының топ-менед­жер­леріне тәуелсіз сауалнама жүргізген болатын. Бұл сауалнама қаржы рыно­гындағы барлық сала қызмет­керлерінің арасында жүр­гізілген еді. Сауалнамаға қаржы секторы­ның өкілдері болып табы­латын 118 адам қатысты. Сауал­нама нәтижесі бойынша басым көпшілік қауым топ-менеджерлер арасында ең жоғарғы беделге ие адам деп сол кезде 70 жастағы Қаз­ком­мерц­банк­тің директорлар кеңесі төраға­сы­ның орынбасары Дәулет Сембаев­ты белгілеп, рейтинг­тің бірінші­лігінен көрінуіне себепші болған. Өз әріптестерінің арасында жоғарғы беделге ие болу қиынның қиыны екені жасырын емес. Ал егер бір-біріне мүлдем тәуелсіз адамдардың араларында бірдей жауап шығып, барлығы бір мезетте бір адамды көрсетіп жатса, бұдан асқан кәсіби бағалаушылық болмайтын да шығар. Мемлекет пен қоғамның Дәулет Сембаевтың қызметіне берген жоғары бағасы соншалық, тіптен тізімге сыймай жатқан атақ пен абырой бұл адамның бойында жетерлік. Солардың ішінде “Парасат” және бұрынғы КСРО кезіндегі “Еңбек Қызыл Ту” мен “Құрмет Белгісі” ордендерінің мәні мен мағынасы, қадірі мен қасиеті мүлдем бөлек. “Сіз еліміздің экономикасына елеулі әрі салмақты үлес қостыңыз. Көп кедергілер мен қиындықтарды да жеңіп шықтыңыз. Шығарма­шылық қабілеті зор тәжірибелі ма­ман ретінде өз қызметтес­тері­ңіз­ден әлдеқайда алда болдыңыз. Өзіңіздің біліміңіз бен ақылдылығыңыздың, жоғарғы ұйымдастырушылық қабі­лет­­теріңіздің арқасында даралан­дыңыз”, –деп Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өзінің Дәулет Сембаевқа арнаған құттықтауында осылайша оның қызметіне құрмет білдірген еді. Кәсібилік – жүйелі ойлау мен ақылдылықтың, қарапайымдылық пен жарасымды әзіл-қалжың сезім­дер ұшқынының, кішіпейілділік пен сыпайылықтың жемісі. Осы­ның бар­лығы жүйелі түрде еліміз­дің экономикасы мен қаржы сек­торы­ның дамуында адал қызмет етіп келе жатқан Дәулет Сембаев­тың бойы­нан табылған артықшы­лық­тың аз ғана бөлігі. Бұл пікірі­мізге Қар­жы бақылау агенттігінің төр­айы­мы Елена Бахмутова да қосы­ла­тындығын төмендегі өзінің айт­қан пікірінен толық аңғарған­даймыз. “Таным көкжиегі кең, мәселе­­лерді түсінудегі шеберлігі, кез-келген істегі оның батылдығы мен өзіне деген жоғары талап қою­шылығы – осының бәрі Дәулет Хамитұлының ең қиын мақсаттар мен жеңістерге жетуіне жол ашады. Қазақстанның тұрақты дамуына қосқан білімгерлік үлесі мен екпін­ді серпілісін жұрттың бәрі жақсы біледі. Осының арқасында Дәулет Хамитұлы өз әріптестері мен өсіп келе жатқан ізбасарларының алдарында жоғары беделге ие болуына арқау болды”, – деп атап өтеді Елена Бахмутова. Дәулет Сембаевтың өмір жолы қазіргі қазақстандық өскелең жас  толқын үшін жан-жақты толық жетілу мен адамгершілік, қарапа­йым­дылық пен шыншылдықтың үлгісі бола алатынына Алматы қаласы өңірлік қаржы орталы­ғының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Аркен Арыстанов сенімді. Сонымен қатар Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко да Дәулет Хамитұлы туралы жақсы естеліктерді айтып, өзінің әріп­тесіне деген ізеттілігі мен құрметі бөлек екендігін білдіріп жатады. Қазақстанның қаржы мен банк секторында өзіндік қолтаңбасы бар екі ірі тұлғаның бірлесіп жұмыс істеуіне ел тәуелсіздігінің қалып­тасу жылдарындағы оқиғалар себеп­ші болды. Григорий Марчен­коның айтуынша жетекшілік ісін өз қолына алған, келешектегі мемле­кеттік комиссия мүшелерінің бірі болуына себепші болған 1993 жыл­дағы ұлттық валютаның енгізілуі, одан кейінгі 1994-1996 жылдар­дағы Дәулет Сембаевтың Ұлттық банкті басқару кезеңдері мен 1997 жылдағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалыптасу сәттері ең бір естен кетпейтін, ешқашан ұмытыл­майтын жақсы естеліктердің бірі. “Дәулет Хамитұлы елімізге өз өмірін арнады”, – дейді Ұлттық банктің қазіргі басшысы Григорий Марченко. Елде болған қиын кезең­дерде Ұлттық банктің басшы­лық қызметіне келген ол елдің қаржы институттарының қалып­тасуы мен қаржы бірлестігін шоғыр­ландыру жұмыстарында ерекше еңбек сіңірді. Ол әрдайым ақпарат пен білімді бір-бірімен ұштастырып, қоғамға қажетті серпілісті туғызуға себепші болды. Тек оның ғана күш салуының арқа­сында Ұлттық банк 90-жылдардың ортасында еліміздің экономикасы мен қаржы секторындағы пәрменді орталыққа айналды. Бүгінгі таңда Ұлттық банкте Дәулет Хамитұлы­ның салып кеткен сара жолы өз жалғасын тауып келеді. Әлем бо­йын­ша қазіргі қиындық туғызып жатқан қаржылық дағдарыс кезін­де, қаржы институттарының ықпа­лын бекемдеу мақсатында елдегі ең ірі қаржы институт­тарының бірінде аянбай еңбек етуде. Қазкоммерцбанктің директор­лар кеңесінің төрағасы Нұржан Субхан­бердин өз сөзінде: “Дәулет Хамит­ұлының Қазкомға келгені, банк үшін айтарлықтай маңызды оқиға болды. Мол тәжірибесі, зор беделі бар Дәулет Хамитұлы тек біздің ғана банкімізге қол ұшын беріп қана қойған жоқ, сонымен қатар қаржы секторындағы даму жолдары мен банктерді қаржы дағдарысынан алып шығу жауап­кер­шілігін өз мой­нына алды. Оның өмірге деген адал­­­­дығы мен қыз­метке деген жауап­­кершілігі бәрі­мізге үлгі боларлықтай. 90-жыл­дар­­дың бас кезінде Дәулет Хамит­ұлы­мен болған ең алғашқы кез­десуімнен қалған әсер, сана-сезімі жа­ғы­­нан да, ой өткірлігі мен жұмыс­қа бейімділігі жағынан да ол өзі­міздің құрдастары­мыздың ортасында  әлдеқайда жас көрінетін”, –деді. Шын ниеттен айтылған бұл сөздің астарында қаржыгер ақ­сақал­ға деген зор ықылас пен құр­мет­тің көрінісін бағамдау қиын емес. Ұлттық банктен ауысқаннан кейін ғана Дәулет Сембаев арбаға отырып өмір жәрмеңкесіне белсене араласты. Бұлай дейтін себебіміз,  оның өмірдегі өнегелі құндылығы мен ішкі жансарайының шапағаты ұшан-теңіз. Бір жағынан арба – жүруге арналған ескі сәндік көлік құралының бірі шығар. Алайда оның баяу жүрісінің өзі көп артықшы­лыққа ие. Мәселен, жан-жақтағы құбылыстарды асықпай әрі нақты көруге, түйсінуге, сезінуге, өмірді бағалау мен пайымдауды үйрену жолында кейінгі толқын жастарға үлкен өнеге болары сөзсіз. Ақыл­мандық өмірлік тәжірибе іспеттес, жойылып кету мен құнсыздануға жол бермейді. Сол үшін оның өмірі мәнді де сәнді әрі ұзақ болуын тілейміз. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.