Бүгін Астанадағы “Қазақстан” спорт кешенінде басталатын Қазақстан Республикасы Президенті кубогы үшін турнир отандық хоккей тарихындағы осы тектегі бірінші жарыс болғалы тұр. Бұл сонымен бірге ТМД елдері үздік жасақтарының басын қосып отырған Континенталды хоккей лигасы деңгейінде де мұндай алғашқы аламан болып табылады.
Бұдан бұрын хабардар еткеніміздей, аталмыш турнирге төрт елден төрт үздік команда қатысады. Олардың қатарында Қазақстан атынан түсетін Астананың “Барысынан” бөлек, Латвия мен Беларусьтен Рига мен Минскінің “Динамо” командалары, Ресейден Мәскеу облысының “Атлант” клубы бар. Осыдан бастап бұл турнир жыл сайын өтіп тұратын дәстүрлі сайысқа айналады. Келешекте оған қатысатын командалардың саны арттырыла түспек. Осындай бір турнир өткізу жөніндегі идеяны басында “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы көтерді. Бұл бастаманы сосын Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы қолдап әкетті. Ал ақпараттық серіктестік міндетін “Нұр-Медиа” медиахолдингі өзіне жүктеп алды.
Турнир тамыздың 10-14 аралығында өтеді. Мұнда командалар күн сайын бір-бір ойыннан ойнайды. Осы жолғы сияқты алдағы жылдарда да Президент кубогы кезекті тұрақты чемпионаттар алдындағы клубтардың өз шама-шарықтарын байқап көретін сындарлы сынағына айналмақшы. Бұл биыл КХЛ чемпионатына қатысатын жоғарыдағы төрт клуб үшін айрықша пайдалы болмақ. Турнирге олардың бәрі күшті құрамдарымен келіп отыр.
– Мен Президент кубогы оған қатысушылар үшін өз күштерін сынап көріп, ойыншыларды тұрақты чемпионат алдында “терлетіп” алудың жап-жақсы жолы болады деп ойлаймын, – дейді осы орайда Қазақстан хоккей федерациясының вице-президенті Юрий Зверев. – Тарихта тұңғыш өткелі тұрған турнирге де кіл сайдың тасындай, күші бір деңгейдегі командалар жиналып отыр. Біздің шақыруымызды динамолық клубтар мен “Атлант” командасы қуана қабылдады. Бұл турнир, сөз жоқ, осы ойынның біздің елде беделі биіктей беруіне әсер етеді. “Барыс” клубының КХЛ чемпионатында ойнауы біздің елімізде хоккейдің кеңінен тарала бастауына бірден-бір себепкер екенін де батыл айта аламын.
Сонымен, жанкүйер қауым көптен күткен турнир де басталды.
Енді сөз соңында турнирдің күнтізбесін назарларыңызға ұсынамыз.
10 тамыз, сейсенбі. 15.00. “Динамо” Р. – “Динамо” Мн. 19.00. “Барыс” - “Атлант”. 11 тамыз, сәрсенбі. 15.00. “Атлант” - “Динамо” Мн. 19.00. “Барыс” - “Динамо” Р. 13 тамыз, жұма. 15.00. “Атлант” - “Динамо” Р. 19.00. “Барыс” -“Динамо” Мн. 14 тамыз, сенбі. 13.00. 3-4 орындар үшін. 17.00. 1-2 орындар үшін.
Серік ПІРНАЗАР.

Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 22:34
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:41
Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:44
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Олимпиада • Бүгін, 19:35
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Ғылыми қауымдастық «Халықтық Конституция үшін» коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:37
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35