Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов елімізде жұмыс сапарымен жүрген Германия Федеративтік Республикасының Қылмыстық полициясы федералдық ведомствосының президенті Йорг Циркемен кездесті.
Кездесу барысында халықаралық терроризмге, есірткі саудасы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы талқыланды, сондай-ақ қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру кезіндегі өзара іс-қимылды нығайтудың нақты шаралары айқындалды.
Сонымен бірге, ГФР Қылмыстық полициясы федеральдық ведомствосы делегациясының Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының және есірткі заттары, психотроптық заттар әрі олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының басшылығымен кездесулері жоспарланған, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.