11 Тамыз, 2010

Кәсіптік оқытуға 167 адам жіберілді

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы республикалық “Жол картасы” бағдарламасын жү­зеге асы­ру кезінде Ақсу қаласынан және оның ауылдық аймақтар­ы­нан 160 адамды кәсіптік оқуға жі­бе­ру жос­парланды. Ал 1 тамыз жағ­дайына қа­рай кәсіптік оқытуға 167 адам жіберілді. 151 оқу бітірген жұмыс­сыз­дар­дан 139 адам немесе 92,0%-ы жұ­мысқа орналастырылды. Павлодар, Ақсу қалаларының 4 оқу ор­нында: №3, №19 кәсіптік ли­цейлерде, медициналық колледж­­де, Жаяу Мұса ат­ындағы колледжде және қосымша “Отан” қоғамдық бір­­­лестігінің оқу орталығында жұ­мыс­сыздар трактор­шылар, электр­мен дәнекерлеушілер, аспаздар, электр монтерлері, жаб­дықтарды жөндеуші слесарлар, құ­рылыс жөндеу жұмыс­тарының шеберлері, “В”, “С” категориялы автокөлік жүргізушілер, медбибілер, шаштаразшы маман­дық­тары бойынша оқып шықты. Е.Бобчихина, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы. Павлодар облысы, Ақсу қаласы.