11 Тамыз, 2010

Алғыс арқалаған жан

569 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Сонау сексенінші жылда­ры Алматы қалалық сотында халық заседателі болып, өзінің қоғамдық негіздегі қызметін он жыл бойы абы­роймен атқарған Мәриям Басарбайқызы бүгінде өткен күндерін ерекше бір қимас­тықпен еске алады. Оның өз­індік себептері де жеткі­лікті, өйткені еселі еңбек ете жүріп, қоғамдық жұмысты да талап деңгейінде атқара білу кім-кімге болмасын үл­кен жауапкершілік жүктей­тін­дігі сөзсіз. Мәриям Еле­уо­ваның жоғары талап дең­гейінен көріне білгендігін оның әріптестері де, замандастары да ашып айтады. Алматы қалалық соты қараған талай іс­терге жүйелі түрде қатысып қана қоймай, ха­лық өкілі ретінде өз пікірін де жасырмай ор­таға салатын. Әсіресе, білместіктен жеңіл-желпі қылмыс жасаған жастарға ауыр жаза белгі­лен­ген кезде араша тұрып, оны жеңілдету туралы ұйғарымын бүгіп қалмаған кездері де аз емес. Алматы қалалық сотының сол кездегі судьясы Шора Оспанұлы халық заседателі Мәриям Басарбайқызына әзіл-шыны аралас ескерту де жасайтын. “Көпшілік үлкен құрмет тұтатын судья Шора Оспанұлының маған “елдің бәріне осылай ара түсе берсең, түрмеде ешкім қалмайды ғой” деген сөзі әлі есімде” дейді еңбек ардагері өткен күндерге көз жүгіртіп. Бүгінде сексеннің асуына көтерілген, жан-дүниесі ізгілікке, мейірім мен қайырым­ды­лыққа толы ананың өткен өмірінің бүгінгі жас­тар үшін берер тағылымы мен өнегесі мол. Сол сексенінші жылдары сәл бұзақылық жасаған жас жігітті бес жыл бас бостанды­ғы­нан айыру туралы сот шешіміне қарсылық біл­діріп, сөйтіп әділеттілікке қол жеткізген­дігін ол мақтанышпен айтады. Және де бұл халық заседателі араша тұрған жалғыз іс емес екендігі айтпаса да түсінікті. – Тағы бір қызығы, дейді әңгімесін одан әрі жалғастырған ол, сол оқиғадан кейін арада тура он бес жыл өткенде адам сенбестей бір қызық оқиға болды. Ұмытпасам, 1995 жылы тура жаңа жыл қар­саңында мені самайын ақ шалған әйел үйі­ме іздеп келіп, сыйлығым деп, қолыма он бес мың теңге ұстатты. Мен болсам, керегі жоқ, не үшін деп реніш біл­дірдім. Сөйтсем, өзін Надежда Иванова деп таныстырған әйел “бір кездері сіз менің ба­лам­ды абақтыдан аман алып қалдыңыз, қазір отбасы бар, балалы-шағалы, сол үшін саған аналық ақ алғысым шексіз” деді. Әрине, ешкімнен жа­саған жақсылығыңның өтеуін күтпейсің, қамшының сабындай қысқа ғұ­мыр­дағы ең басты құн­дылық – ар-ождан тазалығы ғой,– дейді еңбек ардагері. Алматыдағы №12 орта мектептің сегіз класын бітір­ген­нен кейін қаладағы ко­о­пе­­ратив техникумына түсіп, мамандығы бойынша Дзер­жин­­ский атындағы тігін фаб­рикасында еңбек жолын бас­тады. Бүгінгі Санкт-Петер­бург қаласында МҚҚ қыз­мет­­кері болып, Алматыға жұ­­мыс­қа ауысқан Басар Әл­ім­құ­ловтың ғұмырлық жары бо­лып, одан екі қыз, бір ұл сүй­ді, қазір немерелері бар. Үл­кен қызы  Сәуле әке ама­натына адалдық танытып, бү­­гінде Қазақ­стан­ның Бело­рус­сиядағы елші­лі­гінде кон­суль­дық қызмет атқарады. Уақыт өте келе ірі шаһардағы “Алатау”, “Жетісу”, “Тян-Шань” мейрамханаларында басшылық қызмет атқарған тәжірибелі маман “Кеңес саудасының үздігі” атағымен және өзге де сыйлықтармен марапатталды. Өмір болған соң, қиындықсыз болмайтыны сөзсіз. Әкесі Басарбай туған жері Кегенге соғыстан жаралы болып оралып, тура алты айдан кейін қаза болды. Сол кезде бар болғаны он бес жастағы Мәриям болса соңынан ерген екі бауырына, жалғыз қалған шешесіне сүйеніш болып, еңбекке араласты. Жас қызды қатал уақыт ерте есейтті десе де болады. Анасы Құттықыз да тұла бойы тұңғышына риза болып, өмірден озды, мынау жарық дүниеде, сірә, ана алғысынан артық, одан қымбат ештеңе жоқ шығар?! Мәриям Басарбайқызы болса өзіне сонау жас кезінде туған әке-шешесіндей болған ерлі-зайыпты Әбдірашит пен Әмина Шалабаевтар, Галина Момбекованың жасаған қамқорлығы мен көмегін арада қаншама ұзақ жылдар өтсе де әлі күнге дейін ұмытпайды. Әсіресе, Шалабаевтар отбасының баспанасыз жүрген жас жұбайларға екі бөлмелі пәтер алуға көмектескендігі оның есінде мәңгі қалмақ. – Мен жетекшілік жасаған мейрамха­на­дағы отыз жастағы есепші Света Нико­лае­ваның жұмысын тексеру кезінде оның жеті мың рубльді жоғалтқаны анықталып, ісі сотқа берілетін болып шешілді. Сүрінбейтін тұяқ жоқ демей ме, халқымыз, сонда үш сәбиі бар жас келіншекті қатты аядым. Амалсыздан жақында ғана алған құн­дыз тонымды сатып, кеткен қаржының ор­нын толтырып, әйелді құтқарып қалдым. Қи­ындығы мен қызығы аралас осы ұзақ ғұмырымда менің ұққаным, әрбір адам қолынан келгенше жақсылық жа­сағаны жөн,– дейді Мәриям Басарбайқызы. Шындығында да, өмірден көр­гені көп, түйгені мол, көпшілік құрметіне бө­­лен­ген жанның бұл сөзіне қосылмасқа болмайды. Бақыт БАЛҒАРИНА. АЛМАТЫ.