...“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Баланың бақытты күлкісі көбіне әке мен ана мейірімі мен оларға жасалған қамқорлықпен өлшенеді. Демек, осы бағытта қолға алынған “Мектепке жол” акциясы ауқымында Талдықорған қалалық білім бөлімі маңызды шараларды қолға алып, жоспарға сай оқушыларға қайырымдылық көмек көрсету, оларды жаппай оқуға қамту бағытында рейдтер ұйымдастырып, семинарлар өткізіп келеді.
Күні кеше осы бағытта бас қосқан арнайы комиссия жетім, жартылай жетім, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының қажеттілігін шешу мақсатындағы жұмыстарды ортаға салып, ұжымдар мен жеке демеушілерден жиналған заттарды бөлді. Оқу құралдары, мектеп формасына ие болғандар шын қуанды.
Биыл шаһардағы 375 баланың көмекке зәру екендігі анықталса, оларды қалталы азаматтар мен кәсіпкерлер өз қамқорлықтарына алған. Осылайша, ұрпақ болашағына жол ашқан акция одан әрі жалғасып, балалардың мерейін өсіріп, ертеңгі күнге деген берік сенімін қалыптастыруда.
Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.
...ҮШІНШІ АУЫСЫМ БАСТАЛДЫ
Бурабайдағы “Приозерный” демалыс және сауықтыру орталығында жастардың инновациялық-танымдық лагерінің үшінші ауысымы жұмысын бастады. “Нұр Отан” ХДП “Жас Отан” жастар қанаты мен Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған шараның ашылу салтанатында Президент Әкімшілігінің және Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері, “Нұр Отан” ХДП хатшысы Қ.Сатыбалды, “Жас Отанның” атқарушы хатшысы Н.Өтешев құттықтау сөз сөйледі.
Лагерь биылғы жаз айларында 400-ге жуық жасты қабылдап, көптеген танымдық шаралар өткізді. Ал, “Отаншыл” деп аталатын үшінші ауысымның қатысушылары арасында “Жас Отан” жастар қанатының барлық деңгейдегі атқарушы хатшыларының болуы, ел жастарының алдында тұрған міндеттерді терең саралауға мүмкіндік береді. Мұнда Байланыс және ақпарат, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Мемлекеттік басқару академиясының, Елбасының халықаралық “Болашақ” стипендиаттарының, бизнес өкілдерінің пікір алмасу алаңдары, семинар-тренингтер өткізіледі.
Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.
...ҚАМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЛҒАНДАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ
Тұрмысы төмен отбасындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу құралдары мен қажетті киім-кешектер үлестірудің республикалық акциясына қармақшылықтар да кеңінен қатысуда.
Жосалы кентінің орталық алаңында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясында 100-ге жуық балаға қомақты тарту-таралғылар жасалды. Сондай-ақ, осы шарада “Қызыл Ай” қоғамының облыстық бөлімшесі тарапынан 13 оқушыға 550 мың теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетілді.
Ата-анасынан айырылған қос бүлдіршінді бауырына басқан ақ жаулықты әже С.Жүнісбаева аудан әкімдігі мен сала басшыларына, жекелеген кәсіпкерлерге ризашылығын білдіріп, аналық ақ батасын берді.
Еркін ӘБІЛ.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы.

Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 22:34
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:41
Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:44
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Олимпиада • Бүгін, 19:35
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Ғылыми қауымдастық «Халықтық Конституция үшін» коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:37
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35