Кеше “Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратында “ЕҚЫҰ-ның дағдарыстан кейінгі жұмысын жетілдіру басымдықтары” тақырыбында семинар өтті. Семинарға Қазақстандағы ЕҚЫҰ орталығының басшылары, Президент Әкімшілігі мен Қазақстан СІМ-нің ЕҚЫҰ мәселелерімен айналысатын өкілдері, ұлттық және халықаралық сарапшылар мен саясаткерлер қатысты.
Басқосу кезінде “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин “Елімізді осындай жоғары деңгейге көтерген Президентіміздің бастамаларын қолдау мақсатында “Нұр Отан” партиясы да ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Біз алдағы уақытта Елбасымыздың тапсырмасына, еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне, Астанада өтетін Саммитке байланысты дайындық жұмыстарын абыроймен жалғастырамыз деген ойдамын”, деді өз сөзінде. Бұл ретте ол төрағалық кезінде саяси салада туындайтын әртүрлі келеңсіздіктерді бейбіт жолмен шешу, экономика мен ғылым салаларындағы әріптестіктің басым бағыттарын айқындау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті түйткілдерді бір жүйеге келтіру секілді мәселелердің маңызды болатынын атап өтті.
Н.Нығматулин сондай-ақ, биылғы жылдың 1-2 желтоқсаны күндері Астанада ЕҚЫҰ Саммитінің өтуі – әлемдік қауымдастық алдындағы Елбасының халықаралық беделі мен бастамаларының мойындалуы екенін атап өтті. “ЕҚЫҰ-ның Саммиті соңғы 10 жыл ішінде өтпегенін білесіздер. Ал Қазақстан соңғы 10 жыл ішінде ТМД және Азия елдерінің ішінде, сондай-ақ, осы ұйымның тарихында ең алғашқы болып осындай ауқымды саммиттің бастамашысы болып отыр. Бұл сөзсіз, бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сонымен қатар, Саммиттің өтуіне тікелей мүдделілік танытатын мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға да ауқымды міндеттер жүктейтіні анық. Қазақстан осы ұйымға төрағалық ету кезінде еуропалық қауіпсіздік кеңістігіндегі түйткілді мәселелердің түйінін шешуге күш салатын болады. Сол арқылы ЕҚЫҰ-ның Еуропа мен Азия аралығын қамтитын мәселелерді тарқатуда өзінің жауапкершілік аясынан кеңейтпек”, – деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.
Отырыс барысында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер дүние жүзінің беделді ұйымының негізгі бағыттары мен болашақ жұмыстары, сондай-ақ, тарихы жөнінде жан-жақты тоқталып, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы әлемдегі қауіпсіздік саласындағы түрлі мәселелерін оңтайландыруға сеп болатындығына сенім білдірді.
Басқосу кезінде партия өкілі ЕҚЫҰ-ның қызметі негізінен 3 өлшемге негізделгенімен, көп жылдар бойы ұйым қызметі тек бір өлшемге сүйеніп келгеніне тоқталды. “Өкінішке орай, кейбір жылдары беделді ұйым бір бағыт бойынша, яғни, саяси түйіндерді шешу бағытында ғана жұмыс атқарып келген еді. Бірақ та біз бұған түсіністікпен қараймыз. Себебі, ұйымның, ондағы жұмыс атқаратын сарапшы мамандардың тәжірибесі мол. Бұл тәжірибе көп жағдайда көптеген елдердегі демократиялық реформаларды реттеуге сеп болғаны анық. Бұл ретте Қазақстанның төрағалығы кезінде еліміздің көтерген көптеген бастамалары, өңірлік, қауіпсіздік мәселелерді шешудегі қадамдары қолдау тауып келеді. Мәселен, қазіргі жаһандану заманына тән қиындықтарды шешу үшін Қазақстан ұйымды жаңарту, жаңалау бастамасын ұсынды”, – деді Нұрлан Нығматулин бұл турасында.
Семинарға қатысушылар Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аталған ұйымның назарын Еуразия қауіпсіздігіндегі өзекті мәселелерге аударуға, сол арқылы ЕҚЫҰ-ның жауапкершілік аясын Еуропадан Еуразияға дейін кеңейтуге мүмкіндік береді деген ойларын жеткізді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 22:34
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:41
Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:44
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Олимпиада • Бүгін, 19:35
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Ғылыми қауымдастық «Халықтық Конституция үшін» коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:37
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35