13 Тамыз, 2010

БАӘ елшісімен кездесті

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сәрсенбі күні “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ибрахим Хасан Сейфпен кездесті. БАӘ елшісі Алматыда ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер сыртқы істер ми­нистрлерінің бейресми кездесуінде Ұйымның Саммитін 2010 жылдың соңында Астана қаласында өткізу туралы шешімнің маңыздылығына тоқталды. Осы тұрғыда ол бұл ше­шімнің қабылдануы Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баев­тың ғаламдық бастамалары мен ха­лықаралық жоғары беделінің нә­ти­жесі екендігін ерекше атап өтті. Со­нымен қатар, елші Орталық Азия­да­ғы саяси тұрақтылықты қамта­ма­сыз етуде Қазақстан рөлінің маңыз­ды екендігіне тоқталды. Ал Нұрлан Нығматулин Ұлт көшбасшысы, партия Төрағасының халықаралық беделі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы туралы ше­шім­нің қабылдануына және осы Ұйымға қатысушы елдердің Сам­мит­ті Астана қаласында өткізу ту­ра­лы келісе отырып шешім қабыл­дануына ықпал еткенін атады. Кездесу барысында тараптар ын­ты­мақтастықтың бірқатар перспек­ти­ва­лы бағыттары туралы сөз қозғап, пікір алмасты, Қазақстан мен БАӘ арасындағы әріптестік әрі қарай дамитындығына сенім білдірілді. Нұрлан Нығматулин мейманды қа­сиетті Рамазан айының басталуы­мен де құттықтады.