13 Тамыз, 2010

Өңіраралық қызметтестік жайы талқыланды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
9 тамыз күні Ресей Федерациясының Горно-Алтайск қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы қызметтестік жөніндегі үкіметаралық комиссияның өңіраралық және шекаралық қызметтестік жөніндегі тетекомиссиясының оныншы отырысы болып өтті. Қазақстандық делегацияны Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов, ресейлік делегацияны РФ Өңірлік даму министрінің орынбасары Максим Травников басқарды. Тетекомиссияның сараптамалық отырысында шекаралық қызметтестік саласында көлік, қоршаған ортаны және табиғат ресурстарын қорғау мәселелері қаралды. Отырыс барысында Қазақстан және Ресей мемлекет­тері басшыларының қатысуымен 6-7 қыркүйекте Өскемен қаласында өтетін Өңіраралық және шекаралық қызметтестіктің VІІ форумы шеңберінде қол қойылуы жоспарланып отырған келісімдердің жобаларына қатысты басты мәселелер әңгіме арқауына айналды. “Егемен-ақпарат”.