Қаржы • 17 Қаңтар, 2017

Ұлттық банк депозитті бірнеше банкте сақтауға кеңес береді

3540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның депозитті кепілдендіру қоры (ҚДКҚ) егер азаматтардың депозиті кепілдендіру көлемінен асатын болса, қаржыны бірнеше банкке бөліп сақтауды кеңес етеді.

Ұлттық банк депозитті бірнеше банкте сақтауға кеңес береді

Естеріңізге сала кетейік, кепілдендірудің ең жоғары шегі теңгемен 10 млн-ға дейін болса, шет елдік валютамен 5 млн теңгеге дейін.

«Айта кету керек, қордың жұмыс істегелі уақыттан бері кепілдендіру көлемі 400 мыңнан 10 млн теңгеге дейін артқан», — дейді ҚР Ұлттық банкі валюта операциясы департаментінің директор орынбасары Нұржан Тұрсынханов.

«Біз Қазақстандағы барлық банкпен жұмыс істейміз. Егер сіздің салған қаржыңыз максималды көлемнен асатын болса, онда қаржыны бірнеше банкке бөліп салсаңыщ, біз барлығын да кепілдендіреміз», — деді директор орынбасары.