14 Тамыз, 2010

Көмек қолын созу – адамдық айнасы

1416 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Батыс Қазақстан облысындағы аса ірі Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында құрамалық оқытудың жұмыс­тары сәтті аяқталды деуге болады. Атал­мыш оқыту жүйесінің басты міндеті “Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг” компаниясындағы апаттық-құтқару қызметінің өңірлік дайындығы мен өзара қарым-қатынас нәтижесінен туындаған ақпараттық және хабарландыру байла­нысының тиімділігін арттыру болып табылатындығын былайғы жұрт онымен танысып та үлгерген шығар. Еліміз бойынша қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде қадағалататын мінсіз жобаның бірі осы Қарашығанақ екендігін ескерсек, қоршаған ортаны қорғау мәселесі жағынан да Қарашығанақ таби­ғатты қорғау инфрақұрылымына ерек­ше назар аударып келгені асыра сілтеу­ді қажет етпейтін ақиқат. Сол себепті де Қарашығанақ және оған қарасты компанияның құзыретті бөлімшелерінде төтенше жағдайларды болдырмауға арналған, сонымен қатар кез келген жағ­дайдағы дайындық шараларын практика­лық тұрғыдан қамтамасыз ететін оқыту жұмыстары тұрақты өткізіліп отырады. Қолға алынған мұндай жұмыстар мемлекеттік құрылымдар арасындағы қарым-қатынасты ілгерілетуге өз сепігін тигізбей қоймайды. Төтенше жағдайларды болдырмау бағытына арналған бірлескен басқару мен бақылау іс-шараларын тәжірибелік тұрғыдан жүргізу, ҚПО-дағы апаттық-құтқару қызметінің дайындығын тексеру, ақпараттық және хабарландыру байла­нысының тиімділігін арттыру сынды нәтижелі жұмыстар бүгінгі күнге дейін өзгелерге үлгі болып отыр. Апаттық-құтқару қызметі белгілі бір тәртіппен өз міндеттерін жедел түрде атқарып келеді. ҚПО компаниясының жедел-құтқару басқармасының жетекшісі Александр Охрименко бірінші кезеңдегі нәтижеге сүйеніп: “Оқыту нәтижесі көрсеткендей, ҚПО компаниясы және оның апаттық-құтқару қызметінің орындаған жұмыстары өте орынды. ҚПО-ның апаттық-құтқару қызметі кез келген төтенше жағдайға дайын”, – деп бағасын берген болатын. Төтенше жағдайларды болдырмауға арналған операцияның жетістігі ҚПО компаниясының құтқару және апаттық қызметінің қимыл бірлігіне тәуелді еді. 2010 жылғы құрама оқыту нәтижесі көрсеткендей Қарашығанақ кен орнын пайдаланудағы қауіпсіздік іс-шараларын жүзеге асыратын мол тәжірибесі мен мүмкіндігі жоғары екендігін көрсетеді. Оқу жұмыстарына қатысушылардың арасында Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі­нің қызметкерлері де кездесті. Олар атал­мыш компанияның қызметкер­лер құрамы мен техникалық құрылғы­лары, төтенше жағдайлар бөлімшесі мен Батыс Қазақсан облысының ІІД және басқа да мамандан­дырылған ұйымдар бұл аймақтағы табиғи ресурстарды нақты қадағалауға жан-жақты кірісуге толық мүмкіндіктерінің бар екендігіне көздері жетті. Батысқазақ­стандық әріптестерінің ұтқырлығы мен бейімділігін ресейлік құт­қару­шылар жоғары бағалады. “Құтқару­шылар мен өрт сөндірушілердің шебер­лік­тері және барлық техникалық жабдық­тарыңыз бізге жақсы әсер етті. Апаттық-құтқару бригадасы тікелей тағайындалған тапсырмаларды орындауға қабілетті екендіктерін көрсетті”, – деген жылы пікірін Ресейдің Орынбор облысындағы төтенше жағдай-жедел құтқару бас басқармасының бастығы Максим Рдюков білдірді. Мұндай алты кезеңнен тұратын құра­ма оқыту жұмыстары әр үш жыл сайын болып тұратындығы белгілі. Соны­мен қатар, мұндай оқыту жұмыстарының аясында әрбір қызмет орны айына бір­неше рет жаттығу өткізіп тұрады. “Оқыту­дың нәтижесі бойынша нақты сараптама жүргіземіз. Мұның басты себебі, кен орнының қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейі қандай дәрежеде екендігін анықтайды”, – дейді Батыс Қазақстан об­­лыс­тық төтенше жағдайлар департа­ментінің бастығы Қадыр Бисембаев. “Өрт сөндіруші” деп аталатын маман­дандырылған орталықта 2 мыңға жуық арнайы кәсіби құтқарушы дайындалады. Мұндай оқу-жаттығу жұмыстары барлық оқыту орталықтары мен бөлімшелерінде жауапты емтихан түрінде өткізіледі. Талаптанған мамандар өз алдарына да маңызды міндеттер қоя біледі. Астана­дағы азаматтық қорғаныс жөніндегі мамандан­дырылған оқу орталығының бас дирек­торы Манарбек Байжұмановтың: “Бұдан былай дайындығымызды әлде­қай­да жо­ғар­ғы сапалық деңгейге көтеруі­міз керек. Бұл дегеніміз оқу орталық­тары­ның оқыту бағдарламаларын бұрын­ғысынан да жақсартуға, нығайта түсуге жол ашады”, – деп айтқан пікірінен де бұл бағыттағы жұмыстар өз нәтижелерін жоғары дең­гейге көтере алатынына сенімдіміз. Елі­міз­дің басқа да өңірлеріне көмек қолын ұсынып, дер кезінде жәрдемдесе алатын­дықтары да жүрекке жылулық ұялатады. Өйткені көмек қолын ұсыну – үлкен адам­дық пен адамгершіліктің асқар шыңы. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.